USD
USD
USD

Каспийді зерттеуге және сақтауға Үкімет 1,1 млрд теңге бөледі

Тиісті қаулыға премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметі.

Каспий теңізі
Фото: gov.kz

Астана, NEGE. Қаражат «Каспий теңізі қазақ ғылыми-зерттеу институтына» жабдықтар сатып алу және зертханаларды жабдықтау үшін бөлінеді.

«Қаржыландыру институттың ғылыми әлеуетін жақсартуға ықпал етеді. Қаражатқа теңізде мониторинг жүргізу үшін негізгі жабдықтарды сатып алу және гидробиологиялық және гидрохимиялық зертханаларды жарақтандыру жоспарлануда, бұл теңіздің қазақстандық секторында болып жатқан процестер туралы өзінің ғылыми-негізделген базасын қалыптастыруға мүмкіндік береді», – делінген хабарламада.

Қаулыны іске асыру үшін Экология және табиғи ресурстар министрлігіне тиісті шараларды қабылдау, Қаржы министрлігіне бюджет қаражатының мақсатты пайдаланылуына қатаң бақылау тапсырылды.

Қазір оқып жатыр

«Яндекс Диск» қызметіндегі ақаудан кейін Кенесары туралы фильм материалдары жоғалып кеткен

 «Яндекс Дисктегі» материалдар

Ермек Көшербаев елшілік қызметке оралды

Ермек Көшербаев

Қазақстанның халықаралық резервтері бір айда 4,3 млрд долларға азайды

доллар бағамы

Қазақстанда жүргізуші куәлігін алу ережесі өзгереді: емтиханды қайта тапсыру ақылы болмақ

техникалық тексеру