USD
USD
USD

Каспий жағалауынан жүзге жуық итбалықтың өлексесі табылды

Бұл жөнінде Ауыл шаруашылығы министрлігіне қарасты Балық шаруашылығы комитеті хабарлады.

Итбалық
Фото: Балық шаурашылығы комитеті

Астана, NEGE. Ведомство мәліметінше, Каспий теңізінің Маңғыстау облысы Түпқараған ауданы аумағындағы жағалауын мониторингілеу кезінде 97 итбалықтың өлексесі табылған.

Жұмыс тобын құру, өлі итбалықтардан сынама алу, оның себебін анықтау, сондай-ақ өлекселерді жою жұмыстарын ұйымдастыру үшін оқиға орнына  инспекторлар мен жергілікті билік өкілдері барған.

Гидробиология және экология институты қызметкерлерінің пікірінше, итбалықтар бір айдан астам уақыт бұрын өлген, алайда оларды Маңғыстау облысының Түпқараған ауданы жағалауына тек қазір ғана батыстан соққан дауыл алып шыққан.

Қазіргі уақытта жағалауда тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Айта кетейік, бұған дейін Каспий жағалауынан бірнеше аққудың өлексесі табылған еді. Режиссер Қанат Майлыбаевтың мәлімдеуінше, олардың арасында жақында ғана өлгендері де, жағалауда біраз уақыттан бері жатқан құстар да болған.

Қазір оқып жатыр

Ішкі рейстердің билеті арзандай ма? Экономист ҚҚС-тың әсерін түсіндірді

Ерлан Байдәулет

Sen Sulu бренді ресейлік блогер Валя Карнавалға қатысты хейтке жауап берді

Валя Карнавал

Бектенов Астанадан Нью-Йоркке тікелей рейсті жыл соңына дейін ашуды тапсырды

Нью-Йорк

Көлік министрлігі ішкі әуе рейстерін қосылған құн салығынан босатуды ұсынды

Ұшақ апаты