USD
USD
USD

Каспийдегі итбалықтардың жаппай қырылуынан келген шығын көлемі анықталды

Маңғыстау облысында итбалықтардың жаппай қырылуына байланысты Каспий теңізінің жағалауында тексеріс жұмыстары жүріп жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлады.

экология
Фото: Гидробиология және экология институты

Алматы, NEGE. Жайық-Каспий өңіраралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының маманы Андрей Руцкийдің сөзінше, 23 қарашада итбалықтың өлексесі табылмаған. Сондықтан оң болжамға үміт бар дейді. Оның үстіне өңірде желдің бағыты өзгерген.

Экология және табиғи ресурстар министрлігі Қоғамдық кеңесінің мүшесі Әділбек Қозыбақовтың айтуынша, теңіз жануарларының қырылуынан келген шығын 1,5 миллиард теңгеге бағалануы мүмкін.

"Қазақстан Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2017 жылғы бұйрығына сәйкес бір итбалықтың құны 193 АЕК (712 мың 556 теңге). Бұл соманы 2 000 итбалыққа көбейткенде 1 миллиард 425 миллион 112 мың теңге болады”, – деді ол.

Қазіргі уақытта итбалықтардың жаппай қырылуының себептері анықталып жатыр.

Қозыбақовтың сөзінше, кінәлілерді заң аясында жазалап, келтірілген шығынды өтеуді талап ету керек.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанның халық әртісі Есмұхан Обаев дүние салды

Есмұхан Обаев

Атырау полициясының бастығы қамауға алынды

Бақтыбек Бақтығалиұлы Исаев

Ресей мен Әзірбайжан AZAL ұшағының апатына байланысты келісімге келді

 AZAL апаты

Таразда оқушылар арасында жаппай төбелес болып, бір баланың көзіне зақым келді

Бала