USD
USD
USD

Kaspi.kz тур таңдап, сатып алуға болатын сервисті іске қосты

Kaspi.kz саяхатқа шыққанды ұнататындар үшін жаңа сервисті қосты. Енді Kaspi Travel бөлімінде ұнаған турды таңдап, сатып алуға болады.

Kaspi.kz тур таңдап, сатып алуға болатын сервисті іске қосты
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Kaspi.kz-тің басшысы әрі негізін қалаушылардың бірі Михаил Ломтадзе жаңа қызметтің жұмысын түсіндіріп өтті. 

«Алдымызда жаз, демалыс кезеңі басталады. Біз жетекші туроператорлармен бірлесіп, тур таңдап, сатып алуға арналған жаңа cервисті қостық. Енді Kaspi.kz-пен ұшаққа билет пен т/ж билетін сатып алғандай, смартфоныңыздың экранынан турды да жеңіл әрі оңай сатып ала аласыз. Сүйікті клиенттерімізге жақсы әсерлерге толы саяхаттар тілейміз!», - деді Михаил Ломтадзе.

Қазірдің өзінде БАӘ, Түркия мен Мысыр секілді туризмнің ең танымал бағыттары бойынша турлар бар. Әр турдың сипаттамасында суреттер, рейтинг, қонақтардың пікірлері мен дұрыс шешім қабылдауға қажетті басқа да көптеген маңызды ақпараттар бар.

Қазір оқып жатыр

Болат Назарбаевтың портреті бар сағат 600 мың теңгеге сатылып жатыр

Болат Назарбаевтың портреті түсірілген сағат

Еуропалық алаяқтықпен күрес бюросы Қазақстаннан жеткізілетін өнімдерді тексеріп жатыр

өнімдер

Құрылтай депутаты Айсұлу Сүлейменова Азия рекордын жаңартты

Айсұлу Сүлейменова

Халықаралық арбитраж Қазақстанның Қашаған бойынша 12 млрд долларлық талабын қабылдамады

Қашаған