12 Шілде 12:54
...

Kaspi.kz қосымшасында жүргізуші куәлігін онлайн ауыстыруға болады  

Фото:

Егер жүргізуші куәлігіңіздің мерзімі аяқталуға жақын қалса, она Kaspi.kz суперқосымшасында небәрі бір сағатта ауыстыруға болады.

Жаңа сервисті Kaspi.kz ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетімен және ақпараттық-өндірістік орталығымен бірлесіп, ІІМ қаржы және технологиялық компаниялармен ықпалдасуды оңтайландыратын инновациялық жүйесінің көмегімен әзірледі.

Куәлікті ауыстыру процесі өте оңай. Тура қосымшада суретті және медициналық анықтаманы жүктеп, мемлекеттік бажды комиссиясыз төлеп, жаңа жүргізуші куәлігін цифрлық құжаттардан алу керек. Сондай-ақ жаңа жүргізуші куәлігін алып кетуге ыңғайлы ХҚКО-ны таңдауға болады.

Kaspi.kz-тің негізін қалаушылардың бірі әрі басшысы Михаил Ломтадзе:

«Біздің командамыз сүйікті клиенттеріміздің уақыты мен ақшасын үнемдейтін жаңа инновациялық сервистерді іске қосуды жалғастыруда. Өткен жылы автокөлікті онлайн қайта тіркеуді іске қосқанбыз, қазір еліміздегі әр үшінші автокөлік Kaspi.kz арқылы онлайн тіркеледі. Жақында автокөлікті онлайн кепілге қою немесе кепілден шығару сервисін қосқанбыз. Енді Kaspi.kz суперқосымшасында жүргізуші куәлігін небәрі бір сағатта ауыстыратын жаңа сервис әзірленді. Қазақстандықтарға арналған осындай керемет сервистер командамыздың, ІІМ, Цифрландыру министрлігінің және басқа да мемлекеттік ведомстволардың бірлескен табысты жұмысының арқасында іске қосылды. Қазақстандықтардың өмірін жақсартатын сервистерді әзірлеуге қосқан үлесі үшін әрқайсысыңызға алғыс айтамыз!» – деді.

«Бұл – бизнес пен мемлекеттің ынтымақтастық орнатуы қазақстандықтардың өмірін жақсарта түскенінің тағы бір мысалы, – деп атап өтті Ішкі істер министрлігінде. – Ведомство қаржы мекемелерімен бірлесіп, екінші деңгейдегі банктердің қосымшалары арқылы азаматтарды және автокөлікті тіркеу саласында қызмет көрсетуді жеңілдететін бірнеше жобаны іске қосты. Қазір біздің алдымыздағы мақсат – азаматтардың смартфон арқылы барынша көп қызметті алуына мүмкіндік жасау».

«Қазіргі таңдағы басты орында тұрған міндеттердің бірі – ХҚКО-ға келетін клиенттердің ағынын азайту, - деп атап өтті Цифрлық даму министрі Бағдат Мусин. — Күн сайын мыңдаған қазақстандық жүргізуші куәлігін ауыстыру үшін ХҚКО-ға келеді. Куәлікті ауыстыру қажеттігі туралы хабарламаға қарамастан, көптеген автоәуесқойлар мерзімі өтіп кеткен куәлікпен ХҚКО-ға келеді, бұл қосымша қиындықтар туғызады, себебі медициналық комиссиядан өту, медициналық анықтама беру қажет болады. Бұл қазақстандықтарға жүргізуші куәлігін алу үшін қолайлы жағдай жасайтын және ХҚКО-ның жұмысын жеңілдететін пайдалы әрі қажетті қызмет».

Тегтер: