USD
USD
USD

Kaspi.kz 100 жедел жәрдем көлігін сыйға тартады

Kaspi.kz компаниясы пандемиямен қарсы күреске 100 жедел жәрдем көлігін сыйлайды.

Kaspi.kz 100 жедел жәрдем көлігін сыйға тартады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Ауруханалардың жедел бригадаларына (Ауырлығы 4 санаттағы жедел медициналық шақырулар) арналған арнайы санитарлық автокөлікті отандық автоөндіруші «СарыарқаАвтоПром» Chevrolet Damas үлгісінің базасында және Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің техникалық ұсыныстарына сай жасайды.

Kaspi.kz басшысы Михаил Ломтадзе бұл туралы былай деді:

«Барлығымыз денсаулық сақтау саласына орасан зор ауыртпалық түскенін көріп отырмыз, сондықтан біздің команда пандемиямен күресте алға шепте жүрген дәрігерлерге көмек көрсетуді басты міндет деп санады. Біз дәрігерлердің және Денсаулық сақтау министрлігінің автокөлік жинақтамасы туралы талаптарын зерттеп, жедел жәрдем көлігіне арналған техникалық талаптарды әзірлеп, Қазақстанда жылдам жасап шығарып, бүкіл ел аумағындағы салалық медициналық мекемелерге қысқамерзімде жеткізуге дайындадық. Арнайы жинақтамадағы алғашқы автокөліктер дәрігерлерге осы аптада беріледі».

«Kaspi.kz ұсынған өлшемшарттар мен Денсаулық сақтау министрлігінің ұсынысымен маневрге оңтайлы автокөлік таңдалды, бұл жедел жұмыс үшін аса маңызды. Қазіргі жағдайды ескере отырып біз жақын уақытта науқастарды тасымалдауға арналған медициналық, санитарлық, бактерицидті жарақтардың барлығымен, оның ішінде өкпені жасанды тыныс алдыру аппараты, ЭКГ аппараты, ульсоксиметр мен дефибриллятормен жабдықталған көліктерді жасап шығарамыз», - деді «СарыарқаАвтоПром» директоры Сырым Семейбаев.

Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше ел аумағында күн сайын 1400 бригада медициналық жедел жәрдем көрсетеді, олар 26 000 шақыру қабылдайды. Министрлік өкілдерінің айтуынша бұл жедел жәрдем қызметі мен қазіргі бар инфрақұрылым үшін айтарлықтай салмақ түсіріп тұр.

Қазір оқып жатыр

Жасанды интеллект дәуіріндегі кино: Қазақстанда халықаралық AI Film Festival өтеді

Кино

«Қызымды өзім қарсы алдым»: Төреғали Төреәлі жеті перзенттің әкесі атанды

Төреғали Төреәлі

Абай облысында жоғалып кеткен үш жасар баланы полицейлер ен даладан тапты

бала

Астана емханасында емге бөлінген қаржы Италия сапарына жұмсалған

Аурухана