Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Kaspi.kz-те енді UnionPay карталарына ақша аударуға болады

Kaspi.kz халықаралық аударымдардың мүмкіндігін кеңейтті: енді қазақстандықтар әлемдегі ең ірі төлем жүйелерінің бірі – UnionPay карталарына ақшаны тез әрі қауіпсіз аудара алады.

 Kaspi
Фото: Kaspi

Пайдаланушылар Kaspi Gold-пен Visa, Mastercard, сондай-ақ Элкарт, Uzcard және Humo карталарын ұстаушыларға лезде ақша жіберуге үйреніп қалған. Енді Kaspi.kz қосымшасында ақшаны Қазақстан, Қытай және басқа елдердің банктері шығарған UnionPay карталарына да ыңғайлы аударуға болады.

Қазақстандағы UnionPay картасына ақша аудару үшін тек картаның нөмірін көрсетсе болды. Қытайға ақша аудару үшін қосымша аударым мақсатын таңдау керек, ал халықаралық аударымдар үшін – алушының аты-жөнін көрсету керек.

Сонымен қатар Kaspi.kz қосымшасында басқа қазақстандық банктер шығарған UnionPay карталарынан Kaspi Gold-ыңызға ақша аударуға болады.

UnionPay карталарына аударым жасау туралы толығырақ Kaspi Гид сервисінен білуге болады.

UnionPay Қытайда құрылған және әлемдегі ең ірі төлем жүйелерінің бірі болып табылады. Дүниежүзінде 9 миллиардтан астам UnionPay картасы шығарылған, олар Қазақстанды қоса алғанда 183 елде қабылданады.

Kaspi.kz туралы

Kaspi.kz миссиясы – сүйікті клиенттері мен серіктестерінің өмірін жақсартатын инновациялық өнімдер мен сервистерді жасау.

Kaspi.kz сервистерін Қазақстан мен Түркияда 25 миллионнан астам клиент және 900 мың серіктес пайдаланады. Қазақстанда Kaspi.kz суперқосымшасы төлемдерді, электрондық коммерцияны, онлайн-супермаркетті, финтех қызметтерін, саяхатты, хабарландыруларды, мемлекеттік қызметтерді және күнделікті өмірге қажетті басқа да сервистерді біріктіреді.

Түркияда Kaspi.kz елдегі жетекші электрондық коммерция платформаларының бірі – Hepsiburada-ға иелік етеді.

Қазір оқып жатыр

Тойда уағыз айтып, басы дауға қалған ақсақалдың қызы Тоқаевқа үндеу жасады

қылмыстық іс

«Ресейден жеткізілген»: Алматыда жалған көлік нөмірлерін сатқан тұрғын ұсталды

жалған нөмірлер

ЕҮАК отырысында электрондық сауда туралы келісімге қол қойылды

Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысы

Алматыдағы «Байсат» базары аукционда 24,7 млрд теңгеге сатылды

Байсат