USD
USD
USD

Kaspi.kz тарифтер мен қызмет көрсету шарттары өзгермегенін хабарлады

Желіде Kaspi.kz тарифтері 10 мың теңгеге дейін өскені туралы ақпарат тарады.

Kaspi.kz
Фото: Kaspi.kz

Компания өкілдері бұл ақпаратты жоққа шығарып, мұндай сыбыстың шығуына тарифтер туралы құжаттың дұрыс түсіндірілмегені себеп болғанын мәлімдеді.

«Клиенттеріміз бен серіктестеріміз үшін тарифтер мен қызмет көрсету шарттары өзгерген жоқ.

Желіде Kaspi.kz тарифтері: Kaspi Gold-қа жылдық қызмет көрсету және оны қайта шығару құны, Kaspi Pay шарттары және басқа банктердің карталарына ақша аударғаны үшін комиссия өзгерді деген ақпарат тарады.

Бұған Қазақстан Республикасы заңнамасына сай шекті мәндері көрсетілген тарифтер туралы жаңартылған заңды құжаттың дұрыс түсіндірілмегені негіз болған», – делінген компания хабарламасында.

Kaspi.kz  өкілдері қандай да бір өзгеріс туралы алдын ала және ашық түрде хабарлайтынын атап өтті.

Қазір оқып жатыр

Мәскеуден Алматыға бағыт алған SCAT ұшағы Астанаға шұғыл қонуға мәжбүр болды

SCAT шұғыл қонды

Астанада кішкентай бала көлікпен дәмханаға соғылды

Көлік апаты

Түркістанда ойын алаңында екі әйел төбелес шығарып, бірі дене жарақатын алды

Күдікті әйел

Шарын маңында қарақұйрыққа ұқсас бес жануардың ұшасы табылып, қылмыстық іс қозғалды

Инспекторлар, аңшылар және жануарлар ұшасы