USD
USD
USD

Kaspi.kz қосымшасында әскери есеп туралы анықтаманы алуға болады

Kaspi.kz суперқосымшасында енді «Азаматтың әскери қызметке қатынасы туралы мәліметтер» анықтамасын алуға болады.

kaspi.kz
Фото: Kaspi.kz

Астана, NEGE. Құжат оқуға түскенде, жұмысқа орналасқанда, зейнетақы мен жәрдемақыларды ресімдеген кезде, сондай-ақ басқа да жағдайларда қажет болуы мүмкін.

Михаил Ломтадзе, Kaspi.kz басшысы әрі негізін қалаушылардың бірі:

«Біз клиенттеріміздің күнделікті міндеттерін жеңілдетуге тырысамыз. Қажетті құжатты мобильді қосымшадан алу мүмкіндігі уақытты үнемдеп, артық әрекеттен арылтады. Қорғаныс министрлігіне бірлесіп жасаған жұмысы үшін және сүйікті клиенттерімізге сервистерімізді күн сайын пайдаланғаны үшін рақмет айтамыз!»

Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі мобильді қосымша арқылы анықтама алу мүмкіндігі цифрлық мемлекеттік қызметтерді дамытудағы тағы бір қадам болғанын атап өтті.

Асқар Мұстабеков, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары:

«Kaspi.kz мобильді қосымшасы арқылы «Азаматтың әскери қызметке қатынасы туралы мәліметтер» анықтамасын алу мүмкіндігі – бұл бағыттағы тағы бір қадам. Біздің міндетіміз – азаматтардың қажетті мемлекеттік қызметтерге жылдам, қауіпсіз әрі ыңғайлы қол жеткізуін қамтамасыз ету».

Қазақстанның азаматтары әскери есеп туралы анықтаманы 17 жастан бастап ала алады. Сервис туралы толығырақ Kaspi Гид-тен оқыңыз.

Қазір оқып жатыр

Арман Шораев 20 тәулікке қамауға алынды

Арман Шораев

«Діндарларды қорлады»: Баян Алагөзова дін туралы айтқан пікірі үшін кешірім сұрады

Баян Алагөзова

Дастан Сәтпаев уақытша «Челсиге» оралды

Дастан Сәтбаев

Қазақстанда автонесиелеуге сұраныс төмендеген: қаржыгерлер себебін түсіндірді

автонесиелеу