USD
USD
USD

Kaspi.kz Астанада өтетін IOAI 2026 халықаралық жасанды интеллект олимпиадасының бас серіктесі болды

Қазақстан 100 елден келетін 400-ден астам AI-таланттарды қабылдайды.

.
Фото: Kaspi.kz

Астана, NEGE. Kaspi.kz 2026 жылғы 2-8 тамыз аралығында Астанада өтетін IOAI 2026 халықаралық жасанды интеллект олимпиадасының бас серіктесі болды. Олимпиадаға 100 елден 400-ден астам оқушы мен студент, сондай-ақ команда тәлімгерлері, халықаралық сарапшылар мен технологиялық индустрия өкілдері қатысады. IOAI 2026 ұйымдастырушысы – Қазақстан Республикасының спорттық бағдарламалау федерациясы. Іс-шара Қазақстан Республикасы Президентінің және UNESCO-ның қолдауымен өтеді. Олимпиаданың жаһандық демеушілері қатарында Google, Huawei мен басқа да жетекші технологиялық компаниялар бар.

Астанада IOAI 2026 өткізу – Қазақстан үшін маңызды оқиға. Біздің еліміз болашақтың негізгі технологияларының бірі – жасанды интеллект бойынша бақ сынасу үшін әлемдегі ең талантты жастар жиналатын орындардың біріне айналып отыр.

Қазақстандық оқушылар мен студенттер қазірдің өзінде халықаралық аренада жоғары нәтиже көрсетіп отыр. Қытайда өткен IOAI 2025 олимпиадасында Қазақстан командасы әлемнің ең үздік 100 командасының ішінде 4-орынға ие болды. Сондай-ақ 2024 жылы Қазақстан спорттық бағдарламалау бойынша ең беделді әлем чемпионаттарының бірі ICPC World Finals-ті өткізген болатын.

Kaspi.kz басшысы әрі негізін қалаушылардың бірі Михаил Ломтадзе:

«Біз Қазақстанның IOAI 2026 халықаралық жасанды интеллект олимпиадасын өткізетінін мақтан тұтамыз. Бұл – әлемдік деңгейдегі маңызды оқиға және біздің оқушыларымыз бен студенттеріміз үшін өз талантын, білімі мен талпынысын көрсетуге берілген үлкен мүмкіндік. Kaspi.kz миллиондаған клиенттер мен жүздеген мың кәсіпкер үшін өз өнімдері мен сервистерін ыңғайлы, қауіпсіз әрі пайдалы ету мақсатында жасанды интеллектіні белсенді түрде дамытып, қолданып келеді. AI олимпиадасын қолдау – компаниямыздың Қазақстанда болашақ технологияларын жасайтын мамандардың жаңа буынын дамытуға қосқан үлесі. Біз үшін жас қазақстандықтардың заманауи технологияларды қолданып қана қоймай, оларды өздері де жасап шығарғаны маңызды. Біз IOAI 2026 бас серіктесі болғанымызға қуаныштымыз және Федерацияға серіктестік орнатқаны үшін алғыс айтамыз. Қазақстанның командасына жаңа жеңістер тілейміз!»

IOAI 2026 олимпиадасын қолдау Kaspi.kz-тің Қазақстандағы технологиялық білім беруді дамыту бойынша ұзақ мерзімді жұмысын жалғастырады. Компания білім беру бастамаларын, бағдарламалау және киберқауіпсіздік жарыстарын қолдайды, сондай-ақ жас таланттарға практикалық білім мен тәжірибе алуға көмектеседі.

Астанада өтетін IOAI 2026 – бұл тек халықаралық жарыс емес. Бұл – Қазақстанның талантты инженерлердің, мықты жастардың және үлкен технологиялық мақсаттарға ұмтылатын ел екенін әлемге көрсету мүмкіндігі.

Kaspi.kz туралы

Kaspi.kz миссиясы – клиенттер мен серіктестердің өмірін жақсартатын инновациялық өнімдер мен қызметтер жасау.

Kaspi.kz сервистерін Қазақстан мен Түркияда 25 миллионнан астам клиент пен 900 мың серіктес қолданады. Қазақстанда суперқосымша төлемдер, электронды коммерция, онлайн супермаркет, финтех, саяхат, хабарландыру, мемлекеттік қызметтер мен басқа да сервистерді біріктіреді. Kaspi.kz Түркияда елдегі жетекші электронды коммерция платформасы – Hepsiburada-ның иесі.

Қазір оқып жатыр

«15 мың төлеймін, бірақ интернет жоқ»: депутат интернет сапасына шағымданды

үй интенет

Іздеуде жүрген төрт қазақстандық ҰҚК арнайы жасағының конвойымен елге жеткізілді

Күдіктілер

Қазақстанда медианалық жалақы 331 мың теңге болды

Теңге

Ең қымбат күзетші. Инвестициялық қор НЕГЕ өзін-өзі асырай алмай қалды?

.