20 Қаңтар 14:01
...

Kaspi.kz «Алаяқтар» телехикаясының екінші маусымына қолдау білдірді

Kaspi.kz
Фото: Kaspi.kz

Kaspi.kz басты рөлді Рүстем Омаров сомдаған танымал қазақстандық «Алаяқтар» телехикаясының екінші маусымына демеуші болды. Жоба нақты алаяқтық схемаларға негізделген және маңызды әлеуметтік миссияны атқарады: көрермендерге қаскүнемдердің айла-амалдарын тануға көмектеседі, елімізде және өңірімізде қаржылық қауіпсіздік мәдениетін қалыптастырады.

Жаңа маусымның алғашқы төрт сериясын 15 қаңтардан бастап Unico Play және Start платформасынан көруге болады.

«Алаяқтар» – әлеуметтік маңызы бар телехикая.

«Алаяқтар» – бұл жай ғана қылмыстық триллер емес. Сериал соңғы жылдары ең көп талқыланатын және танымал жобалардың біріне айналды. Онда алаяқтық «ішінен» қылмыскерлердің көзімен көрсетілген, оның арқасында аудитория алаяқтық механизмдері мен оның қандай салдары болатынын біледі. Мұндай шынайылық телехикаяның танымал болуын қамтамасыз етіп, мәдени резонанс тудырды.

Kaspi.kz-тің әлеуметтік-білім беру жобасы.

Kaspi.kz «Алаяқтардың» бірінші маусымының сәтті шыққанынан шабыт алып, B.A.S. Production студиясымен бірлесіп ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің (ҚНРДА) қолдауымен 2025 жылы алаяқтыққа қарсы іс-қимыл бойынша ауқымды әлеуметтік-білім беру жобасын іске қосты.

Оның аясында қысқа оқыту бейнероликтері түсірілді, қаскүнемдердің адамдарға құпия кодтарды алдап айтқызып, ақшаны белгісіз шоттарға аударуға қалай мәжбүрлейтінін телехикаяның актерлері айқын көрсетеді. Барлық сценарий шынайы оқиғаларға негізделген.

Бір жылдың ішінде Қазақстанда және одан тыс жерде алаяқтықтың ең кең тараған схемалары туралы 19 ролик жарық көрді. Қамту ауқымы күткен нәтижеден әлдеқайда асып түсті: еліміздің жетекші телеарналары эпизодтарды жалпы алғанда 2500-ден аса көрсетті, әлеуметтік желілердегі Kaspi.kz-тің ресми парақшаларында роликтер 190 млн-нан астам рет қаралды, ал мобильді қосымша арқылы клиенттерге бейнероликке сілтеме көрсетілген 36 миллион хабарлама жіберілді. Бұл елімізді қамтыған ең ауқымды жобалардың бірі болды.

Kaspi.kz сондай-ақ алаяқтық әрекеттерге қатысты арыздардың саны бес есеге азайғанын атап өтті, бұл адамдарға шын мәнінде нақты пайда әкелгенін айқын көрсетті.

Осылайша, Kaspi.kz жобасы компанияның клиенттерімен жұмыс істеумен ғана шектелмей, қоғамның қауіпсіздігін арттыруға айтарлықтай үлес қосты.

Kaspi.kz басшысы әрі негізін қалаушылардың бірі Михаил Ломтадзе:

«Біз сервистерімізді адамдар үшін бұрынғыдан да ыңғайлы, пайдалы болатындай үнемі дамытып отырамыз. Сүйікті клиенттерімізді қорғау үшін ең заманауи технологияларды қолданамыз және қауіпсіздік жүйесін де үнемі жетілдіріп отырамыз. Бұл ретте жеке деректерді ешкімге хабарлауға, мобильді қосымшаға кіруге рұқсат беруге, құпия парольдер мен SMS-тегі кодтарды айтуға болмайтынын үнемі ескертіп отырамыз.

Қаскүнемдердің сенімге қалай кіретінін көрнекі түрде көрсетіп, мүмкіндігінше көп адамның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге көмектесу үшін білім беру роликтерінің топтамасын шығардық, сондай-ақ «Алаяқтар» телехикаясының екінші маусымына қолдау көрсеттік.

Қаралымның көңілдеріңізден шығуын тілеймін және тағы да еске сала кеткім келеді – сақ болыңыздар, құпия деректеріңізді ешкімге бермеңіздер!»

Рүстем Омаров, актер, басты рөлді сомдаушы:

«Kaspi.kz-пен бірге үлкен жобаны іске асырдық. Жұмысымыз жемісті болды. Kaspi.kz, ІІМ, прокуратура, ҚНРДА көмектесіп, шынайы алаяқтық жағдайлар туралы айтып берді. Қатысушылардың бәрі мұның күрделі әлеуметтік мәселе екенін түсінгендіктен, барынша беріліп еңбек етті. Біз түсірген бейнероликтер адамдардың көңілінен шығып, миллиондаған қаралым жинады. Ең бастысы, нақты нәтиже бар.

Алдағы уақытта да адамдар барынша сақ болу үшін оларға алаяқтық схемалар туралы айтып отырамыз».

Kaspi.kz адамдарға қаскүнемдердің айла-амалын қалай тану керектігін түсіндіріп қана қоймай, өзінің қауіпсіздік жүйесін де үнемі жетілдіріп отырады. Мәселен, 2025 жылы компания 24 миллиард теңгеден астам сомаға 330 мың алаяқтық транзакцияға жол бермеді, соның арқасында мыңдаған клиент өз қаражатын сақтап қалды.

Алаяқтардан қалай қорғану керек

• құпиясөздерді, PIN-кодтар мен құпия SMS-кодтарды ешкімге айтпаңыз.

• әңгімелесуші өзін қалай таныстырса да, ешқашан белгісіз шоттарға немесе нөмірлерге ақша аудармаңыз.

• алаяқтыққа күдігіңіз болса, кеңес пен көмек алу үшін бірден өз банкіңізге хабарласыңыз

Kaspi.kz туралы

Kaspi.kz миссиясы – клиенттер мен серіктестердің өмірін жақсартатын инновациялық өнімдер мен қызметтер жасау. Инновациялардың орталығында – елдегі ең танымал мобильді суперқосымша Kaspi.kz. Оны шамамен 15 миллионға жуық қазақстандық пайдаланады, ол елдегі электронды сауда, төлем және қаржылық жетекші сервистерді қамтиды.

Kaspi.kz суперқосымшасы арқылы қазақстандықтар тегін жеткізу қызметі бар тиімді онлайн зат сатып алып, комиссиясыз төлемдер мен аударымдар жасайды, жеке қаржыларын басқарады, әуе және теміржол билеттерін сатып алады, турлар рәсімдейді және ең танымал мемлекеттік қызметтерді пайдаланады.

Kaspi.kz бизнес үшін де Kaspi Pay суперқосымшасын әзірледі, оны Қазақстандағы шамамен 700 мыңға жуық кәсіпкер пайдаланады. Kaspi Pay арқылы кәсіпкерлер бизнесін дамытуға қаржыландыру алады, төлем қабылдайды, жарнамалық науқандар жүргізеді, салық төлейді, электрондық сауда және жеткізу платформасына қосылады, оның көмегімен тауарларын бүкіл ел аумағында сатады.

Гарвард Бизнес мектебі Kaspi.kz туралы екі оқу материалын әзірледі, оны бірнеше жылдан бері магистратура студенттері оқып келеді.