USD
USD
USD

Каспийдің елімізбен шекаралас тұсында 58 құқық бұзушы және 23 жүзу құралдары ұсталды

2023 жылғы 30 сәуірде Қазақстан мен Ресей елдерінің шекара қызметтері ҚР өзге де уәкілетті органдарымен бірге браконьерлік әрекеттердің жолын кесуге бағытталған жедел профилактикалық іс-шаралардың кезекті кезеңін өткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Каспийдің елімізбен шекаралас тұсында 58 құқық бұзушы және 23 жүзу құралдары ұсталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Рейдтік іс-шаралар барысында Каспийдің Қазақстанмен шекаралас суларында 58 құқық бұзушы және 23 жүзу құралдары ұсталды. Ұзындығы 100 шақырымнан асатын браконьерлік тор және өзге аулау құралдары тәркіленді.

Табиғи мекендеу ортасына 288 бекіре тұқымдас балық, 13 мың ұсақ тұқымды балық және 7 итбалық жіберілді.

1 647 375 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды. Мемлекетке 588 млн теңгеден аса келтірілетін залалдың алды алынды.

Қазақстан Республикасы ҰҚК Шекара қызметі Каспий теңізінің биологиялық байлығын қорғауға бағытталған шараларды жалғастыруда.

Қазір оқып жатыр

Face ID жүйесіне қарсы шыққандарды полиция алып кеткен: басқарма не дейді?

Face ID

Тоқаевтың кітабы әлеуметтік желілерде қызу талқы тудырды: қазақстандықтар не дейді?

Кітап

Жетісу облысында оқушы қызды экскаватор қағып кетті

Эксковатор дөңгелегі

«Қолында суық қару болды»: Қостанайда футболшыға шабуыл жасалды

Пап-Алиун Ндиайе