Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Каспийде балшық жанартауы атқылады

Каспийде Алят кенті мен Нефтчала қаласы арасындағы жағалаудан шамамен 30 шақырым жерде орналасқан Дашлы аралында балшық жанартауының атылуы өртке себеп болды.

Каспийде балшық жанартауы атқылады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Әзірбайжанның Төтенше жағдайлар министрлігі (ТЖМ) мұнай-газ өндіретін теңіз объектілерінде, өндірістік және көлік инфрақұрылымының басқа да нысандарда апаттық жағдайлар жоқ екенін мәлімдеді.

5 шілдеде ТЖМ әуе жасағының барлау ұшулары алдын ала бақылау бойынша Дашлы аралында балшық жанартауының атқылау фактісін анықтады.

"Қазіргі уақытта жанартау кратерінде аз жалын байқалады. Жанартау теңіз мұнай-газ инфрақұрылымы мен басқа да нысандарға, сондай-ақ адамдардың өміріне қауіп төндірмейді", – делінген ТЖМ хабарламасында.

Әзірбайжанның SOCAR мұнай компаниясы  2021 жылы 4 шілдеде кешке болған өрттен өнеркәсіптік нысандар зардап шеккен жоқ деп мәлімдеді. Компанияның барлық платформалары мен өнеркәсіптік нысандары штаттық режимде жұмыс істеуді жалғастыруда. Алайда SOCAR қызметкерлері өрттің себебін анықтау үшін оқиға орнына жіберілді", – делінген хабарламада.

Айта кетейік, жексенбі күні кешке әлеуметтік желілерде Каспий теңізінде, Алят бағытындағы мұнай платформаларының бірінде болған үлкен жарылыс туралы ақпарат тарады. Каспийдің Әзірбайжан секторындағы өрт толығымен сөндірілген. Жарылыстың нақты себебі әлі анықталған жоқ.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда 1,8 млн бала мен жасөспірім тұрақты түрде спортпен айналысады

ойын

Жақсылық Сәбитов: Қазіргі тарих оқулықтарында сторителлинг жоқ

Жақсылық Сәбитов

Қазақстанда жаңартылатын энергияның үлесі алты жылда төрт есе өсті

.

Тоқаев қазақстандықтарды Құрылтай сайлауына қатысуға шақырды

Тоқаев