USD
USD
USD

Каспий жағалауында қамыс өртеніп жатыр

Каспий жағалауында қамыс өртеніп жатыр, бес жану ошағы анықталды.

Каспий жағалауында қамыс өртеніп жатыр
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. "Әуеден барлау нәтижесінде аумағы бес гектарды құрайтын 5 жану ошағы анықталды. Өрттің жалпы ауданы 10 га құрайды. Жанып жатқан аумақ иесіз, бұл Каспий теңізінің жағалауы", - деп хабарлады ТЖМ.

Түтін теңізге қарай бағытталғандықтан, елді мекендерге қауіп жоқ.

Қамыс өртін сөндіруге Атырау облысы ТЖ департаментінен, "Ақ Жайық" резерватынан 55 қызметкер, 13 бірлік техника, 2 бірлік мотопомпа және "Қазавиақұтқару" АҚ МИ-8 тікұшағы жұмылдырылды.

Өртті сөндіру жұмыстары жалғасуда.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Qarmet ұжымының ұйымшылдығы мен еңбегін жоғары бағалады

.

Алматыдағы Dostyk Plaza сауда орталығында дабыл қағылып, келушілер сыртқа шығарылды

Dostyk Plaza

Орал қаласы әкімінің орынбасарына 648 мың теңге айыппұл салынды

Шенеунік

Қазақстанда мобильді аударымдарды тексеру шегі 1,5 миллион теңгеге дейін көтерілмек

Смартфон