USD
USD
USD

Каспий теңізінде жоғалған балықшылар табылмады

Маңғыстау облысының Төтенше жағдайлар департаменті Каспий теңізінде балық аулауға шығып, қайта оралмаған екі азаматты іздестіру жұмыстарын жалғастырып жатыр, деп хабарлайды ведомство.

Каспий теңізінде жоғалған балықшылар табылмады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Департамент мәліметінше, 30 сәуір күні сағат 1:00-де металл қайықпен Каспий теңізінде балық аулауға шығып, осы уақытқа дейін үйіне оралмаған Қазақстан Республикасының азаматын (1994 ж.т.) және Өзбекстан Республикасының азаматын (1983 ж.т.) іздестіру-құтқару жұмыстары жүргізіліп жатыр.

«Іздестіру-құтқару жұмыстарына департаменттен 2 техника, 2 қайық және жеке құрамның 9 қызметкері, «Казавиаспас» АҚ МИ-8 тік ұшағы, ҚР Қорғаныс Министрлігі 29011 әскери бөлімінің «Орал» кемесі және еріктілер жұмылдырылды» , - деп хабарлайды ведомство.

Қазір оқып жатыр

Бауыржан Байбектің сағаттарын ұрлады деген күдікпен 31 жастағы ер адам ұсталды

.

Ерлан Қарин вице-президент ретінде немен айналысады

Конституция жобасын талқылау

Мұрат Баймұқашев Қауіпсіздік Кеңесі Аппаратын басқарады

.

Әскери қызметшілерге қызметтен кетерден алты ай бұрын жұмыс табуға көмектеспек

Әскерилер