USD
USD
USD

Каспий теңізінде бақылау күшейді

Каспий теңізінің қазақстандық секторында браконьерліктің жолын кесуге бағытталған іс-шаралар жүріп жатыр. 

Каспий теңізінде бақылау күшейді
Фото: NEGE.kz

Алматы,  NEGE.  ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі ҚР Ішкі істер министрлігінің және ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің аумақтық бөлімшелерімен бірлесіп, Каспий теңізі су айлағында браконьерлік әрекеттің жолын кесуге және биологиялық алуантүрлілікті сақтауға бағытталған ұйымдастырушылық және практикалық іс-шаралар кешенін жүргізуді бастады.

Қазақстан Республикасы ҰҚК Шекара қызметі көрсетілген іс-шараларды өткізу кезеңінде Каспий теңізінің қазақстандық секторында белгіленген режимдердің сақталуына бақылау күшейтілетінін хабарлайды.

Атап айтқанда, мемлекеттің табиғи байлықтарын тонаумен байланысты заңсыз әрекеттерді анықтау бойынша бірқатар бірлескен рейдтер өткізу жоспарланған», - делінген ҚР ҰҚК баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Қазір оқып жатыр

Меладзенің Алматыдағы концертінде шу шығарған әйелдер жазаланды

.

Семейде жүріп бара жатқан жолаушылар автобусы өртенді

өрт

Alatau City жобасына Еуропа елдерінен инвесторлар тартылмақ

Делегация Алатау сити

Болат Өтемұратов OLX Қазақстанды 81 миллион долларға сатып алды

Болат Өтемұратов