USD
USD
USD

Каспий теңізі тартылып барады

Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев «ECOJER» халықаралық конгресі барысында Каспий теңізінің су деңгейі төмендеп бара жат

Каспий теңізі тартылып барады
Фото: NEGE.kz

қанын  айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Нұр-Сұлтан, NEGE. «Каспий теңізі де жеке назар аударуды талап етеді. 2006 жылдан бастап теңіз деңгейі төмендеп келе жатыр. 2020 жылға қарай теңіз деңгейі 1 метрден астамға төмендеп, Балтық жүйесі бойынша минус 28,23 метрге жетіп қалды. Каспий теңізінің тарихына қарағанда, теңіз деңгейінің минус 28,5 метр белгіге төмендеуі оның экожүйесі үшін қатерлі саналады», - деді министр.

Оның атап өтуінше, бұл жайт Каспий теңізінің әсіресе қазақстандық секторындағы жағалау белдеуінің өзгеруіне алып келді.

«Осы аралықта теңіздің су бетінің ауданы 22 мың шаршы шақырымнан астам қысқарды. Бұған қоса, оның жартысы Солтүстік Каспийдің қазақстандық бөлігіне тиесілі», - деді Мағзұм Мырзағалиев.

Қазір оқып жатыр

Борышкерлердің шотында өмір сүруге жететін қаражат қалуы керек – депутат

Алмас Мұхаметов

Тоқаев «Лукойл» компаниясының негізін қалаушы Вагит Алекперовпен кездесті

Қасым-Жомарт Тоқаев, Вагит Алекперов

Тіл жайлы сөзі үшін басы дауға қалған гидті полиция тексереді

Татьяна

Шұжықта не барын ДНҚ арқылы анықтайтын тест әзірленді

баға