USD
USD
USD

Каспий құбыр консорциумының жұмысы қалпына келді

 Каспий құбыр консорциумы (КҚК) жөндеуден кейін Новороссийск маңындағы теңіз терминалында үшінші шығарылатын айлақ (ВПУ-3) жұмысын қайта бастады. 

Каспий құбыр консорциумының жұмысы қалпына келді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. ВПУ-2 зақымданғаннан кейін әлі пайдалануға берілген жоқ, деп мәлімдеді компания өкілдері. Бұл туралы ҚазАқпарат Ресейдің ТАСС агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды. «2022 жылдың 23 сәуірінде КҚК теңіз терминалында ВПУ-3 жөндеу жұмыстарынан кейін пайдалануға берілді. Ауа райының қолайлы болуы қысқа мерзім ішінде сүңгу жұмыстарын жүргізіп, суасты құбыр манифольдының түбін ашуға мүмкіндік берді», – деді компаниядан.

Еске салсақ, наурыз айының соңында Қара теңіздегі дауылдың салдарынан Каспий құбыр консорциумының құбыр жүйесіне зақым келді. Бұл Қазақстанның мұнай өндіру көлемі қысқаруына алып келуі мүмкін екені айтылды. Кейін ҚР Р Энергетика министрі Болат Ақшолақов Каспий құбыр консорциумындағы жағдайды баяндады. «Жүйедегі аталған ақау күрделі болғандықтан Каспий құбыр консорциумы жұмысын уақытша тоқтатуға мәжбүр болып отыр» деді министрлік.

Қазір оқып жатыр

Павлодар облысында балаларға арналған 41 киіз үй лагері ашылады

.

Атырауда Сұлтан Сәрсемәлиевтің соты басталды

күдікті

ҚТЖ қарызға белшеден батты: енді шығынды халық өтей ме?

.

Алматы облысында полиция бастығының орынбасары әйелін көлікпен қағып кеткен

Бауыржан Қабдолданов