USD
USD
USD

Каспий құбыр консорциумындағы апат салдары

Каспий құбыр консорциумында болған апатқа байланысты Қазақстан мұнай экспортын басқа бағыттар арқылы ұлғайтпақ. 

Каспий құбыр консорциумындағы апат салдары
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Каспий құбыр консорциумының құбыр жүйесіне зақым келуіне байланысты Қазақстан мұнай экспортын баламалы бағыттар бойынша ұлғайту мүмкіндіктерін пысықтап жатыр. Бұл туралы ҚР Энергетика министрлігі баспасөз қызметінен мәлім болды. 

ҚР Энергетика министрлігі мәліметінше, Новороссийск аумағында қатты дауыл болып, бұл Каспий құбыр консорциумы терминалы жұмысына әсер еткен.

КҚК ақпаратына қарағанда, биылғы 22 наурыздағы кезектен тыс тексеру барысында арнайы үшінші жабдықтың тірегі орнынан жылжып кеткен, сондай-ақ арнайы екінші жабдықтың жүйесіне зақым келгені белгілі болды.

Осыған байланысты КҚК тиісті жөндеу жүргізу үшін аталған жабдықтардың жұмысын уақытша тоқтата тұру туралы шешім қабылдады.

«Қазіргі уақытта Энергетика министрлігі Каспий құбыр консорциумымен теңіз терминалының жұмысын қалпына келтіру мерзімдері бойынша консультациялар өткізіп жатыр. Бұл ретте мұнай экспортын баламалы бағыттар бойынша ұлғайту мүмкіндіктері пысықталып жатыр», - делінген ҚР Энергетика министрлігі ақпаратында.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Қара теңіздегі дауылдың салдарынан Каспий құбыр консорциумының құбыр жүйесіне зақым келді.

Қазір оқып жатыр

Астанадан үш есе қалып қойды. Айдын Рахымбаев үшін Алматы НЕГЕ қызық емес?

.

Жұмыссыздарға бизнес бастау үшін мемлекеттен 1,7 млн теңге грант беріледі

Кәсіпкер

Енді басқа емханаға кез келген уақытта ауысуға болады

Емхана

Павлодар облысында балаларға арналған 41 киіз үй лагері ашылады

.