Kaspi Магазин смартфондарды тіркеуді тексеру қызметін іске қосты

Қазақстанда мобильді құрылғыларды тіркеу ережелері өзгерді. Енді смартфондар бұғатталмас үшін мемлекеттік деректер базасында тіркеліп, расталған IMEI-кодтары керек.
Алматы, NEGE. Kaspi.kz сатушылар мен сатып алушылардың қамын ойлап, смартфондарды ыңғайлы тексеру қызметін іске қосты. Оның көмегімен Kaspi Магазиннің серіктестері тапсырысты бермес бұрын құрылғының IMEI-кодын енгізіп, оны мемлекеттік деректер базасында тексере алады.
Сондай-ақ, құрылғыны сатып алғаннан кейін әрбір сатып алушы IMEI-кодты Kaspi.kz суперқосымшасындағы «Тапсырыс мәліметтері» арқылы өз бетінше тексере алады.
Сүйікті клиенттеріміз Kaspi Магазиндегі смартфондардың ресми әкелінгеніне, тіркелгеніне және кез келген ұялы байланыс операторымен шектеусіз жұмыс істеуге дайын екеніне сенімді бола алады.
Kaspi.kz туралы
Kaspi.kz миссиясы – клиенттер мен серіктестердің өмірін жақсартатын инновациялық өнімдер мен қызметтер жасау. Инновациялардың орталығында – елдегі ең танымал мобильді суперқосымша Kaspi.kz. Оны шамамен 15 миллион қазақстандық пайдаланады, ол елдегі электронды сауда, төлем және қаржылық жетекші сервистерді қамтиды.
Kaspi.kz суперқосымшасы арқылы қазақстандықтар тегін жеткізу қызметі бар тиімді онлайн зат сатып алып, комиссиясыз төлемдер мен аударымдар жасайды, жеке қаржыларын басқарады, әуе және теміржол билеттерін сатып алады, турлар рәсімдейді және ең танымал мемлекеттік қызметтерді пайдаланады.
Kaspi.kz бизнес үшін де Kaspi Pay суперқосымшасын әзірледі, оны Қазақстандағы шамамен 700 мың кәсіпкер пайдаланады. Kaspi Pay арқылы кәсіпкерлер бизнесін дамытуға қаржыландыру алады, төлем қабылдайды, жарнамалық науқандар жүргізеді, салық төлейді, электрондық сауда және жеткізу платформасына қосылады, оның көмегімен тауарларын бүкіл ел аумағында сатады.
Гарвард Бизнес мектебі Kaspi.kz туралы екі оқу материалын әзірледі, оны бірнеше жылдан бері магистратура студенттері оқып келеді.