USD
USD
USD

Kaspi Gold енді Apple Pay-де

Kaspi.kz Apple Pay қызметінің іске қосылғанын хабарлайды.

Kaspi
Фото: Kaspi

Астана, NEGE. Енді клиенттер әлемнің кез келген жерінде дүкендерде, қосымшаларда және интернетте iPhone, Apple Watch, iPad және Mac құрылғылары арқылы төлем жасай алады.

Kaspi.kz басшысы әрі негізін қалаушылардың бірі Михаил Ломтадзе:

«Apple Pay-ді қосу – сүйікті клиенттерімізден ең көп түскен өтініштердің бірі болды. Көптеген клиенттер Kaspi Gold картасын Apple Pay-ге қосып, әсіресе шетелде iPhone немесе Apple Watch арқылы төлем жасағысы келді.

Біз енді бұл мүмкіндіктің Kaspi.kz суперқосымшасында қолжетімді болғанына қуаныштымыз. Біздің мақсатымыз – Kaspi Gold картасын кез келген жағдайда: Қазақстанда, сапарда, дүкендерде, қосымшаларда және интернетте одан да ыңғайлы ету.

Сүйікті клиенттерімізге бізбен бірге болғандары үшін рақмет!»

Apple Pay байланыссыз төлем қабылданатын барлық жерде жұмыс істейді: супермаркеттерде, дәріханаларда, мейрамханаларда, кофеханаларда, дүкендерде және басқа да сауда орындарында. Төлем жасау үшін iPhone немесе Apple Watch құрылғысының бүйірдегі батырмасын екі рет басып, Face ID, Touch ID немесе құрылғының құпиясөзі арқылы растап, құрылғыны POS-терминалға жақындату жеткілікті.

Kaspi Gold картасын Apple Pay-ге тікелей Kaspi.kz суперқосымшасы арқылы қосуға болады. Сондай-ақ клиенттер iPhone құрылғысындағы Wallet қосымшасын ашып, «+» батырмасын басып, экрандағы нұсқауларды орындай алады. Kaspi Gold картасы iPhone, Apple Watch, iPad немесе Mac құрылғысына қосылғаннан кейін Apple Pay қызметін бірден пайдалануға болады.

Kaspi Gold арқылы Apple Pay-мен төлем жасау туралы толық ақпаратты Kaspi Гидтен оқуға болады.

Қазір оқып жатыр

Елордадағы LRT-ға Tarlan Astana атауы берілді

ЛРТ

Алматыда такси жүргізушісі шетелдіктерді әуежайдан орталыққа дейін 72 мың теңгеге апарған

Такси

Ерлан Қарин жаңа қызметке тағайындалды

Ерлан Қарин

Атыраудағы Сұлтан Сәрсемәлиевке қатысты іс бойынша жаңа айыптар тағылды

Адам ұрлау