USD
USD
USD

Қаскөйлер мешітті жарып жіберді

Пәкістандағы Квет әкімшілік орталығында мешітте жарылыс болып, 14 адам қаза тапты, тағы 20-сы жарақат алды. Бұл туралы Синьхуа агенттігі хабарлады.

Қаскөйлер мешітті жарып жіберді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Полиция инспекторы Абдул Раззак Чиманың айтуынша, жарылыс болған кезде мешітте адамдар құлшылық етіп жатқан. Жарылыстан көп адам қаза болды. Оның ішінде Квет орталығының полиция басшысының орынбасары да бар.

Белуджистан провинциясы ішкі істер министрі Зия Уллах Лангаудың мәліметінше, мешітке кірген жанкешті лаңкес өзін-өзі жарған болуы мүмкін. Осы оқиғадан кейін провинциядағы мешіттерде қауіпсіздік шаралары күшейтілген.

Бұл Кветте бір аптада болған екінші жарылыс. 7 қаңтар күні қауіпсіздік күштерінің көлігіне шабуыл жасалған. Нәтижесінде 2 адам қаза тауып, 18-і жарақат алған еді.

Қазір оқып жатыр

ExxonMobil Қашағандағы 2,3 трлн теңгелік айыппұл дауын реттеу келісімін қолдамады

Қашаған

Астанада мүгедектігі бар адамдарға 86 мың теңгеге дейін біржолғы көмек беріледі

әлеуметтік төлем

«Твардовский дом» панажайының иесі қаза тапты

Владимир Тепляков

Жетісу облысында сыныптастар арасындағы жанжалдан соң оқушы көз жұмды

Қылмыстық іс