Қаскелеңнен Алматыға апарар жол сегіз жолақты болады

Қаскелеңнен Алматыға апаратын жол 8 жолаққа дейін кеңейтіліп, бес арнайы көлік эстакадасы салынады. Бұл туралы Алматыға жұмыс сапары аясында барған көлік министрі Марат Қарабаев айтты.
Алматы, NEGE. Жұмыс Мемлекет басшысының Алматы агломерациясын дамыту жөніндегі тапсырмасы аясында жүргізіледі.
Қаскелең мен Алматыны жалғайтын жол 4-тен 8 жолаққа дейін кеңейтіледі. Соның нәтижесінде аталмыш учаскеден күн сайын 90 мыңға жуық көліктің емін-еркін өтуі үшін жағдай жасалмақ. Ал қазірдің өзінде бұл жолмен тәулігіне 60 мыңнан аса темір тұлпар арлы-берлі қатынайды екен, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Уақытты үнемдеуге, көлік қатынасын жақсартуға септігін тигізетін жобаның құрылысы екі кезеңде жүргізіледі. Біріншісінде Үлкен Алматы айналма автомобиль жолынан Қаскелеңге дейінгі учаске, екіншісінде Қаскелең өткелінен Әйтей ауылының бұрылысына дейінгі аумақ қамтылмақ.
Құрылыс екі кезеңде жүргізілмек. Бірінші кезең аясында ҮАААЖ-нан (Үлкен Алматы айналма автомобиль жолы) Қаскелең өткеліне дейінгі учаске қамтылса, екінші кезеңде Қаскелең өткелінен Әйтей ауылына бұрылысқа дейінгі учаске қамтылмақ. Жобалау жұмыстары басталды.
Аталған шара көлік қатынасын жақсартуға және жол жүру уақытын едәуір қысқартуға мүмкіндік береді деп күтілуде. Сөз етілген учаскедегі өткізу қабілеті тәулігіне 60 мыңнан 90 мың көліккк дейін ұлғаяды. Жолдың кеңеюі кептелістің төмендеуіне әкеледі деп күтілуде. Автокөлік жүргізушілері мен жаяу жүргіншілер үшін қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін мамандар 12 жер үсті жаяу жүргіншілер өткелін салады.