USD
USD
USD

Қаскелеңнен Алматыға апарар жол сегіз жолақты болады

Қаскелеңнен Алматыға апаратын жол 8 жолаққа дейін кеңейтіліп, бес арнайы көлік эстакадасы салынады. Бұл туралы  көлік министрі Марат Қарабаев Алматыға жұмыс сапары барысында айтты.

жол
Фото: inbusiness.kz

Алматы, NEGE. Жұмыс Мемлекет басшысының Алматы агломерациясын дамыту жөніндегі тапсырмасы аясында жүргізіледі.

Құрылыс екі кезеңде жүргізілмек. Бірінші кезең аясында ҮАААЖ-нан (Үлкен Алматы айналма автомобиль жолы) Қаскелең өткеліне дейінгі учаске қамтылса, екінші кезеңде Қаскелең өткелінен Әйтей ауылына бұрылысқа дейінгі учаске қамтылмақ. Жобалау жұмыстары басталды.

Аталған шара көлік қатынасын жақсартуға және жол жүру уақытын едәуір қысқартуға мүмкіндік береді деп күтілуде. Сөз етілген учаскедегі өткізу қабілеті тәулігіне 60 мыңнан 90 мың көліккк дейін ұлғаяды. Жолдың кеңеюі кептелістің төмендеуіне әкеледі деп күтілуде. Автокөлік жүргізушілері мен жаяу жүргіншілер үшін қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін мамандар 12 жер үсті жаяу жүргіншілер өткелін салады.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Каспий теңізінде қаза болған әскерилердің туыстарына көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев

Әзербайжан тарапы қазақстандықтарға әскерилердің қазасына байланысты көңіл айтты

Қазақстан мен Әзербайжан туы

Маңғыстаудағы әскери қызметшілер қазасы: Қанат Бозымбаев Ақтауға ұшты

Қанат Бозымбаев

Каспийде әскери қызметшілердің қаза болуына байланысты қылмыстық іс қозғалды

Құрылтай сайлауы