USD
USD
USD

Қаскелеңде жекеменшік үйден екі шетелдік өлі табылды

Қаскелеңде жеке үйлердің бірінен пышақ жарақатын алған екі ер адам өлі табылды. Бұл туралы Алматы облысының Полиция департаментінің бастығы Бауыржан Әленов Instagram-парақшасында мәлімдеді.

Қаскелеңде жекеменшік үйден екі шетелдік өлі табылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. 26 маусымда полицияға жантүршігерлік хабар туралы 1979 жылы туған азамат арызданған. Полицейлер қаза тапқандардың 1989 және 1996 жылы туған Тәжікстан азаматтары екенін анықтады.

Қылмыс жасады деген күдікпен сол республиканың 1980 жылы туған азаматы ұсталды. Қазіргі уақытта ол УҰИ-ға қамалған.

Аталған дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 2-бөлігі 1-тармағы бойынша аудандық ішкі істер басқармасында тіркелді. Сот-медициналық сараптама тағайындалып, соталды тергеу басталды. Тергеу мүддесіндегі басқа ақпарат жария етілмейді.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Qarmet ұжымының ұйымшылдығы мен еңбегін жоғары бағалады

.

Алматыдағы Dostyk Plaza сауда орталығында дабыл қағылып, келушілер сыртқа шығарылды

Dostyk Plaza

Орал қаласы әкімінің орынбасарына 648 мың теңге айыппұл салынды

Шенеунік

Қазақстанда мобильді аударымдарды тексеру шегі 1,5 миллион теңгеге дейін көтерілмек

Смартфон