11 Тамыз 15:57
...

Қаскелеңде сәбиінен айырылған әйел перзентхананың терезесінен секіріп кетті

Фото:

Алматы облысы Қаскелең қаласында перзентханада жатқан әйел ғимараттың үшінші қабатынан секіріп кетті, деп хабарлады заңгер Сәуле Бикитеева Іnstagram парақшасында.

Алматы, NEGE. Белгілі болғандай, жүкті әйел төрт күн бұрын Қарасай орталық аудандық ауруханасының перзентханасына түскен.

«Пациент үшінші қабаттан құлады. Ол кісі бізге төрт күн бұрын түскен. Үш жүктілік болған, үшеуі де сәтсіз аяқталған. Бірінші баласын ішінде жоғалтқан. Екінші баласын экомен көтерген. Ол баласы 26 аптасында тағы солай келді. Жоспарлы түрде отаға алынды. Үш баласын да жоғалту оңай емес қой. Босанудан кейінгі күйзеліске түсті ме? Қасында дәрісін беріп, медбике тұрған. Медбикені итеріп жіберіп, өзі секіріп түскен. Бала ішінде қайтыс болған. УЗИ-де анықтаған, қозғалмай қалған екен, баланың жүрегі тоқтаған, солай перзентханаға түскен. Кесарь тілігі жасалғаннан кейін үшінші күні секірген», - дейді дәрігер. 

Алматы облысының Денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, қазір әйел жансақтау бөлімінде жатыр. 

Тегтер: