USD
USD
USD

Қаскелеңде көпқабатты үйдің тұрғындары эвакуацияланды

 Алматы облысының өртсөндірушілері өрт кезінде 5 адамды эвакуациялады. Төтенше жағдай Қаскелеңдегі бес қабатты үйде орын алды, деп хабарлайды ТЖМ баспасөз қызметі.

Қаскелең
Фото: Telegram/ҚР ТЖМ

Алматы, NEGE. Бүгін Қарасай ауданы Қаскелен қаласында бес қабатты тұрғын үйдің бесінші қабатындағы пәтер жанды.

"ТЖМ күштері баспалдақ маршымен 5 адамды эвакуациялады. 15 тұрғын өздігінен далаға шықты", - делінген ресми хабарламада.

Ведомствоның мәлімдеуінше, өртсөндірушілердің үйлесімді әрекеттерінің арқасында өрттің басқа пәтерлерге таралуына жол берілмеді.

Өрт 70 шаршы метр алаңда сөндірілді. Төтенше жағдай салдарынан 1957 жылы туған әйел адам күйік алып, ауруханаға жатқызылды. Өрттің неден шыққаны анықталуда. 

Қазір оқып жатыр

Дзюдошы Ибраһим Нұрмаханұлы V Азия Пара ойындарының чемпионы атанды

Ибрагим Нұрмаханұлы

Алматыда 22 қазанда кезекте тұрғандардан 5 пайыздық ипотекаға өтінім қабылдау басталады

кілт

Қазақстанның әуе кеңістігінде апат сигналын берген ұшақ Омбыға қонды

әуе рейстері

Адамдардың немқұрайлығы мен салғырттығының салдары тым қымбатқа түседі – Тоқаев

Қасым-Жомарт Тоқаев