USD
USD
USD

Қаскелең шатқалына демалуға барған бала өзенге ағып кетті

Алматы облысының Қарасай ауданында 2011 жылы туған бала өзенге ағып кеткен. Ол бір тәуліктен аса уақыттан бері іздестіріліп жатыр. Іздеу жұмыстарына 80-ге жуық адам жұмылдырылған, - деп хабарлайды Tengrinews.

Қаскелең шатқалына демалуға барған бала өзенге ағып кетті
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі мәліметінше, Әли Балғазиев есімді бала абайсызда Қаскелең өзеніне батып кеткен. Оқиға 18 тамызда күндіз Қарасай ауданындағы Қаскелең шатқалында болған.

Әли отбасымен өзен маңына демалысқа шыққан. Бала өзен жағасына суретке түскісі келіп барған. Бірақ кенеттен аяғы тайып, өзенге құлап кеткен. 

"Қарасай аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері мен Қаскелең қалалық өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері, Алматы қаласы РОСО жеке құрамы дереу шақырту орнына жөнелтілді. Іздеу жұмыстарына 80-ге жуық адам жұмылдырылды, оның ішінде полиция қызметкерлері, туыстары, жергілікті тұрғындар мен еріктілер. Қазіргі уақытта іздеу жұмыстары жалғасып жатыр", - деді Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі 19 тамызда кешке.

Қазір оқып жатыр

Екі экс-министрдің арызынан кейін Гүлнар Бажкеноваға айыппұл салынды

Гульнара Бажкенова

«Әділет» партиясы Қазақстанның барлық өңіріндегі филиал басшыларын жасақтады

"Әділет" партиясы

Атырау облысында жеті әкім қоқыс үйіндісі үшін жауапқа тартылды

әкімшілік жаза

Түркістанда жол апатынан полиция капитаны көз жұмды

Бауыржан Қонысбеков