USD
USD
USD

Кәсіпкерлік және Салық кодекстеріне түзету енгізіледі

Инвесторлармен стратегиялық келісім жасауға мүмкіндік беретін инвестициялық жобалар пулы жасақталады. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Әлихан Смайылов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Кәсіпкерлік және Салық кодекстеріне түзету енгізіледі
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Инвестициялық жобалардың жүзеге асыру мерзімі бойы заңнамалық тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін Стратегиялық инвестициялық келісім енгізіледі. Кәсіпкерлік және Салық кодекстеріне, сонымен қатар «Арнаулы экономикалық аймақтар туралы» Заңға түзетулер енгізіледі. Инвесторлармен стратегиялық келісім жасауға мүмкіндік беретін инвестициялық жобалар пулы жасақталады. Әрбір ірі инвестор жеке тәсілмен қамтамасыз етіледі», - деді бірінші вице-премьер Үкімет үйіндегі баспасөз мәслихатында. Оның атап өтуінше, инвестициялық жобаларды жүзеге асыру процесінде «Астана» халықаралық қаржы орталығының әлеуеті толық қолданылады. «Негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 2025 жылға қарай жалпы ішкі өнімнің 30 пайызына дейін жеткізіледі», - деді ол. Сонымен қатар Үкімет басшысының бірінші орынбасары мемлекеттік басқару жүйесінде орын алатын өзгерістерге тоқталды. «Мемлекеттік қызметкерлер санын және квазимемлекеттік сектор қызметкерлерін қысқарту бойынша олар осы жылдың соңына дейін - 10, келесі жылы тағы 15 пайызға қысқарады. Сонымен келесі жылдың соңына дейін олар 25 пайызға дейін қысқарады. Экономикада жеке сектордың көлемін кеңейту үшін жекешелендірудің 2025 жылға дейінгі жаңа жоспары қабылданады», - деді Әлихан Смайылов.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда ескі көліктерді утилизациялау бағдарламасы қайта іске қосылмақ

утиль алымы

Қазақстанда тұрғын үйге сұраныс төмендегенімен, жаңа баспананың бағасы 14,6%-ға өскен

Баспана

2028 жылға қарай мектеп пен ЖОО түлектерінің 80%-ы ЖИ бойынша базалық дағдыларды меңгереді

Digital Qazaqstan

Қазақстан медицинасы бірыңғай цифрлық жүйеге көшеді

Сот-медициналық сарапшы