USD
USD
USD

Кәсіпкерлер үшін оңайлатылған декларацияны тапсыруға 12 күн қалды

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінде оңайлатылған салық декларациясын тапсыруға небәрі 12 күн қалғанын ескертті.

Кәсіпкерлер үшін оңайлатылған декларацияны тапсыруға 12 күн қалды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Бизнес субъектілеріне биылғы жылдың 1 жартыжылдығы үшін оңайлатылған декларацияны (910.00-нысан) 2022 жылғы 15 тамызда тапсырудың соңғы мерзімі аяқталатынын еске саламыз», - деді Комитеттегілер.

Жалпы, 910.00 нысанындағы салық есептілігін оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілер ұсынуы қажет.

Декларацияны ұсыну тәсілдері:

- «Салық төлеушінің кабинеті» веб-қосымшасы (cabinet.salyk.kz);

- СОӨЖ ақпараттық жүйесі (бағдарламаны МКК сайтынан тегін жүктеп алуға болады);

- қағаз түрінде;

- Halyk Bank мобильді қосымшасының 2022 жылғы 1 тамыздан бастап оңайлатылған салық декларациясын ұсынуға арналған жаңа сервисі.

Жалпы, 2022 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілер саны - 1 187 554, оның ішінде жеке кәсіпкерлер - 1 047 586, заңды тұлғалар– 139 968.

Қазір оқып жатыр

Арман Шораев 20 тәулікке қамауға алынды

Арман Шораев

«Діндарларды қорлады»: Баян Алагөзова дін туралы айтқан пікірі үшін кешірім сұрады

Баян Алагөзова

Дастан Сәтпаев уақытша «Челсиге» оралды

Дастан Сәтбаев

Қазақстанда автонесиелеуге сұраныс төмендеген: қаржыгерлер себебін түсіндірді

автонесиелеу