USD
USD
USD

Кәсіпкерлер салықтан 382 млрд теңге үнемдемек

Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов елімізде шағын бизнесті қолдау жөнінде сөз қозғады.

Кәсіпкерлер салықтан 382 млрд теңге үнемдемек
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Шағын бизнесті қолдауда маңызды қадам Мемлекет басшысының былтыр жариялаған бастамаларын жүзеге асыруға қатысты болды. Президенттің тапсырмасы бойынша 2019 жылы микро және шағын бизнестің табыстарын салықтан босату үшін заңнамалық база қабылданды», – деді министр,  онлайн режимде халық алдында есеп бере отырып. Бұл арнайы салық режимін қолданатын бизнеске қатысты. «Салықтан босату үш жылды қамтиды, яғни 2020, 2021 және 2022 жылы іске асырылады. Нәтижесінде, 1 млн-нан астам микро, шағын кәсіпкерлік субъектісі үш жылда салық бойынша 382 млрд теңгені үнемдейді», – деді Р. Дәленов.

Бұдан бұрын хабарланғандай, министр биылғы қаңтар-сәуірде экспорт 18 млрд доллар болғанын айтты.

Қазір оқып жатыр

Астанада Ақтөбе облысының 100-ден астам өнерпазы мен креаторы бас қосты

.

Саят Исанов Арнайы операциялар күштерінің қолбасшысы болып тағайындалды

Арнайы күштер

Маңғыстауда қаза тапқан сарбаздардың отбасыларына жиналған қаржы таратылды

Маңғыстау

ExxonMobil Қашағандағы 2,3 трлн теңгелік айыппұл дауын реттеу келісімін қолдамады

Қашаған