USD
USD
USD

Кәсіпкерлер неге жиі шағымданады?

«Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқарма төрағасының орынбасары Ербол Өстеміров кәсіпкерлікті реттеу саласындағы негізгі үрдістер туралы айтып берді.

Кәсіпкерлер неге жиі шағымданады?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Өткен жылы Мемлекет басшысы реттеу іс-шараларына қатысты тиісті тапсырма берген болатын. Бұл өз кезегінде барша реттеу саласын қайта қарауды білдіреді. Соңғы жылдары тиісті оңтайлы жұмыс жүргізілді. Кәсіпкерлерге қолайлы жағдай жасау үшін жыл сайын заң жобалары қабылданып келеді. Жалпы, осы реформалар нәтижесінде рұқсатнамалар саны бізде 74 пайызға қысқарды, яғни бұған дейін 1,2 мыңнан астам рұқсатнамалар болса, қазір 278-і қалды», – деді Е. Өстеміров онлайн режимде өткен конференцияда.

Оның айтуынша, бизнеске қатысты талаптар да азайды.

«Мемлекеттік қадағалау саласы оңталандырылды, профилактикалық бақылау түсінігі енгізіліп, тексерулер мерзімі қысқарды. Егер елдің имиджі үшін оң нәтижеге тоқталсақ, Дүниежүзілік банк жүргізетін Doing business рейтингі бар. Осы рейтингіде Қазақстан соңғы жылдары 50 позицияға көтерілді», – деді спикер.

Сонымен қатар ол кәсіпкерлерге қатысты реттеу саласында мәселелер бар екенін атап өтті. Бұл тұрғыда әкімшілік жауапкершілікке тартылған кәсіпкерлер саны артқан. Статистика бойынша 2015 жылдан бері лауазымды тұлғалар мен мемлекеттік органдар іс-қимылына шағым түсіру бойынша өтінімдер көбейген.

Қазір оқып жатыр

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

жаппай тобелес

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды

Трамп ұлдары

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады

Азамат Капенов

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр

Қайсар Хамза