USD
USD
USD

Кәсіпкерлер ауруханаларға тыныс алу құрылғыларын алып берді

 Түркістан облысында кәсіпкерлер ауруханаларға тыныс алу құрылғыларын алып берді.Игі бастаманы Сайрам ауданының іскер азаматтары қолға алып, науқастарға қолдау көрсетті.

Кәсіпкерлер ауруханаларға тыныс алу құрылғыларын алып берді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Қарабұлақ ауылының тұрғыны, ерікті Бабыр Хасантаевтың бастамасымен сайрамдық кәсіпкерлер 5 млн теңге көлемінде қаржы жинап, оның 3,5 млн теңгесіне 19 Бобров медициналық тыныс алу құрылғыларын сатып әперді. Кәсіпкерлер демеушілігінен артылған қаражатқа ауруханаға азық-түлік алынды. Себебі, мұнда науқастармен қатар, қауіпті дертті емдейтін медицина қызметкерлері де 14 күнге дейін үйінен оқшауланып, қызмет етіп жүр.

Айта кетейік, Сайрам ауданы бойынша Ақсукент және Қарабұлақ орталық ауруханаларында 87 орын бар болса, қосымша Қарабұлақ ауылындағы «САПА» жекеменшік медициналық орталығынан тағы 30 орын ашылған. Ал, Сарыағаш аудандық орталық ауруханасындағы провизорлық стационардағы ем қабылдап жатқан науқастарға қазіргі таңда кемшін түсуп жатқан оттегі баллондары жеткізілді. Аудан әкімдігінің ұйымдастыруымен демеуші азаматтар орталыққа 32 дана оттегі баллондарын әкеліп берді.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Қорғаныс министрлігін тексеретін арнайы комиссия құрды

Ақтаудағы сарбаз өлімі

Бурабайда шетелдік ғалымдар Өр Алтайдың түркі өркениетіндегі тарихи рөлін талқылады

.

Тимур Турлов FIDE президенті болып сайланды

Тимур

Мемлекет экс-әкіммен байланысты қоқыс полигонын қайтарып алды

Бағдат Қарасаев