USD
USD
USD

Кәсіпкердің өлімі: Күдікті пышақ жарақатын қалай салғанын көрсетті

Бүгін, 9 тамызда сағат 10:00 шамасында Исатай-Махамбет көшесі бойындағы «Рахат Лукум» дәмханасының аумағы қоршалып, полиция қызметкерлері кезекшілікте тұрды. Ол жерде тергеу шаралары жүргізілді, деп хабарлайды «Мой ГОРОД» порталы. 

Кәсіпкердің өлімі: Күдікті пышақ жарақатын қалай салғанын көрсетті
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Сәлден соң полицейлер басты күдікті – 31 жастағы Руслан Қожантаевты қылмыс жасаған жеріне әкелді.

Тергеушілер мен арнайы жасақ оны алдымен дәмханаға, кейінірек көлік тұрағына апарды. Руслан Қожантаев қансыраған Еркін Мұханғалиевке пышақ жарақатын қалай салғанын көрсетті. Одан кейін күдіктіні қарулы күзет қызметкерлері Исатай-Махамбет көшесіндегі үйлердің бойымен алып кетті. Ол қылмыс жасағаннан кейін қалай қашқанын баяндап берді. Бұл ретте Қожантаев өзін байсалды ұстаған, ақырын сөйлеп, полиция қызметкерлерінің барлық бұйрығын орындаған. 

Естеріңізде болса, кәсіпкер Еркін Мұханғалиевті 6 тамыз күні пышақ жарақатынан қаза тапқан. Кәсіпкердің өліміне қатысы бар күдіктілердің жеке басы анықталып, көп ұзамай ұсталған болатын. 

Қазір оқып жатыр

Шымкентте дрон заңсыз қоқыс төккен КамАЗ жүргізушісін әшкереледі

белгіленбеген орынға қоқыс төккен

ДСМ телеарналар мен әлеуметтік желілерде фастфуд жарнамасын шектеуді ұсынды

жарнама

Әділет министрлігі NCOC-тан 2,3 трлн теңге өндіріп алу неге уақытша тоқтатылғанын түсіндірді

Әділет министрлігі

Павлодарда шиномонтаж қызметкері дөңгелек жарылғаннан кейін қаза тапты

Шиномонтаж