USD
USD
USD

Кәсіпкер колонияға ұялы телефон өткізбек болған

Алматы облысы мен Жетісу облысы бойынша ҚАЖД қарасты №57 мекемеде ЖШС өкілі ұялы телефон кіргізуге тырысты, деп хабарлайды Polisia.kz.

Кәсіпкер колонияға ұялы телефон өткізбек болған
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Мекеме ішінде жұмыс істейтін “Ексимкомерцгруп” ЖШС жүргізушісі КамАЗ автокөлігімен колонияға тыйым салынған заттарды алып кіруге тырысты. Мекеме қызметкерлері габаритті тастармен тиелген автокөлікті тексеру кезінде жүргізуші орындығының артындағы қораптан скотчпен оралған қара пакет тауып, тәркіледі.

Пакетті ашқан кезде Nokia ұялы телефон табылды.

– Аталған факті бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 481-бабына сәйкес заңнамада белгіленген тәртіппен бастапқы материалдар жиналды және одан әрі шешім қабылдау үшін сотқа жіберілетін болады, – деп атап өтті ҚАЖД бастығының міндетін атқарушы Қанат Ашов.

Қазір оқып жатыр

Қоқыстан табылған нәресте өлімі: прокурор экс-полицейді өмір бойына соттауды сұрады

Пәкістандағы өрт

Alatau City мен оңтүстіккореялық компаниялар қаланың цифрлық егізінің пилоттық жобасын іске қосады

Alatau

Астанада жол ережесін 306 рет бұзған жүргізуші 10 тәулікке қамалды

Күдікті

«Самұрық-Қазына» басшысы Тоқаевқа 21 трлн теңге жұмсалатын жобалар туралы баяндады

"Самұрық-Қазына" қоры