USD
USD
USD

Қасым-Жомарт Тоқаевтың ауылында интернет жоқ

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен аттас 12 жастағы бала тұратын Қостанай облысы Үштоғай ауылында әлі күнге дейін ұялы байланыс пен интернет жоқ, - деп хабарлайды "Астана" телеарнасы.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың ауылында интернет жоқ
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE.12 жастағы Қасым-Жомарт Тоқаев Үштоғай ауылындағы мектепте оқиды. Баланың атын тәтесі таңдаған. Оқушы өзінің есімі ел Президентімен бірдей екеніне мақтанады.

"Менің арманым - Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесу. Кездессем, міндетті түрде біздің ауылға ұялы байланыс пен интернет жүргізуін сұраймын", - дейді бала.

Үштоғай мектебінде 50-ден аса оқушы бар. Мұнда интернет қолжетімсіз. Мұғалімдер ұялы байланыс пен интернет болса, балаларды оқыту ісі мүлдем басқа деңгейде өтетініне сенімді. Әзірге мектеп оқушылары да, мұғалімдер де заманауи қосымшалар мен жетістіктерге қол жеткізе алмай отыр.

"Бұл мәселені шешу үшін байланыс жүйелерін жүргізумен айналысатын құзыретті органдарға жүгіндік. Жыл аяғына дейін нәтиже болады деп үміттенеміз", - деді Амангелді ауданының әкімі Талғат Қарбозов.

Аудан билігі ұялы байланыс мәселесі алдағы үш-төрт айда толығымен шешілетініне уәде берді. Үштоғай және Степняк ауылдарында мұнараны күзге қарай орнатуға уәде беріп отыр. Қалған елді мекендерде ұялы байланыс пен интернет келесі жылы қолжетімді болады.

Қазір оқып жатыр

Автогазға кезек: министрлік Маңғыстау мен Атыраудағы жағдайды түсіндірді

.

Астанада вокзалдағы асхананың төбесі опырылып түсті

асхана

Алматыда полицей әкесінің өліміне байланысты күдікке ілінген екі жасөспірім үйқамаққа жіберілді

судья

Сербия президенті Александр Вучич отставкаға кететінін мәлімдеді

Александр Вучич