USD
USD
USD

Қасым-Жомарт Тоқаев жаңадан тағайындалған елшілерді қабылдады

Президент Қазақстанның Өзбекстан Республикасындағы жаңадан тағайындалған елшісі Бейбіт Атамқұловты қабылдады, деп жазды BAQ.KZ.

Қасым-Жомарт Тоқаев жаңадан тағайындалған елшілерді қабылдады
Фото: NEGE.kz

 

Алматы, NEGE. Мемлекет басшысы әңгімелесу барысында екі ел арасындағы стратегиялық серіктестік пен одақтастық қатынастарды одан әрі кеңейтіп, тату көршілік байланыстарды нығайту маңызды екенін атап өтті. Сонымен қатар бұған дейін жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтарды тиімді жүзеге асыру қажеттігіне назар аударды.

Сондай-ақ Президент Қазақстанның Аустрия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі, Қазақстан Республикасының Вена қаласындағы халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты өкілі болып тағайындалған Әлібек Бақаевты қабылдады. Кездесуде Аустриямен және салалық халықаралық ұйымдармен қарым-қатынастың қарқынын арттырып, сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастыққа ерекше мән беру қажет екені айтылды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның жаңадан тағайындалған елшілеріне серіктес мемлекеттермен арадағы екіжақты және көпжақты форматтағы қарым-қатынастарды одан әрі нығайту жөнінде бірқатар нақты тапсырма берді.

Қазір оқып жатыр

Конституциялық құндылықтардан жаңа этикаға дейін – Ерлан Қарин ішкі саясаттың негізгі бағыттарын айқындады

.

Қазақстанда тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелері бір жылда 13,5% азайған

Пәтер кілті

Қазақстандықтар Қытай, Үндістан және бірнеше елде QR-кодпен төлем жасау мүмкіндігіне ие болмақ

QR-код

Қоғам белсендісі Санжар Боқаевтың ісі сотқа жетті

Санжар Боқаев