USD
USD
USD

Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путиннің шақыруымен Ресейге барады

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясына жұмыс сапарымен барады.

Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путиннің шақыруымен Ресейге барады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли айтты.

«10-11 ақпанда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путиннің шақыруымен Ресей Федерациясына жұмыс сапарымен барады. 10 ақпанда Мәскеуде Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинмен келіссөз жүргізеді. Кездесу барысында мемлекеттер басшылары Қазақстан мен Ресей арасындағы көпжақты стратегиялық серіктестіктің даму перспективаларын қарастырады. 11 ақпан күні Мемлекет басшысы Қазан қаласында Татарстан Президенті Рустам Миннихановпен кездеседі және республикадағы бірқатар ірі өнеркәсіптік кәсіпорындарды аралап көреді», - деп жазды Б.Уәли Facebook-те.

 

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Еуразияның заманауи көлік-логистикалық қаңқасын құру ісін жеделдетуді ұсынды

Тоқаев

+35°С ыстық және үсік: қыркүйекке арналған ауа райы болжамы жарияланды

ауа райы болжамы

Қызылорда облысында учаскелік инспектор қаза тапты: күдіктіге іздеу жарияланды

ІІМ

Amanat Drive қаржы пирамидасының басшысы 8 жылға сотталды

Көңілбай Шүкен