USD
USD
USD

Қасым-Жомарт Тоқаев Түрікменстанның жаңа Президенті Сердар Бердімұхамедовті құттықтады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Сердар Бердімұхамедовті Президент сайлауындағы жеңісімен құттықтап, Түрікменстанның игілігі мен өркендеуі жолындағы оның аса жауапты мемлекеттік қызметіне мол табыс тіледі, деп хабарлайды Ақорда.

Қасым-Жомарт Тоқаев Түрікменстанның жаңа Президенті Сердар Бердімұхамедовті құттықтады
Фото: NEGE.kz

Астана, NEGE. Екі ел халықтарының арасындағы көп ғасырлық достыққа, тату көршілік пен өзара қолдауға негізделген байланыстарды жалғастыра отырып, тараптар Қазақстан мен Түрікменстанның стратегиялық ынтымақтастығын одан әрі нығайтуға мүдделі екенін растады.

Қазақстан Президенті Түрікменстан басшылығының қуатты әрі өркендеген мемлекет құру жөніндегі стратегиялық бағдарының сабақтаса жалғасатынына сенім білдірді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Сердар Бердімұхамедовті елімізге мемлекеттік сапармен келуге шақырды.

Әңгімелесу барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Гурбангулы Бердімұхамедовті де сайлаудың сәтті өтуімен құттықтап, дауыс берушілердің іс-шараға белсенді қатысқанын айтты.

Қазір оқып жатыр

Alatau City жобасына Еуропа елдерінен инвесторлар тартылмақ

Делегация Алатау сити

Болат Өтемұратов OLX Қазақстанды 81 миллион долларға сатып алды

Болат Өтемұратов

Ташкентке жарысқа барып, ауруханаға түскен жас футболшылар елге оралды

Ташкентте емделген футболшылар мен дәрігерлер, елшілік өкілдері

Павлодар колониясында 12 жылға сотталған жігіт өлі күйінде табылды

рақымшылық