Қасым-Жомарт Тоқаев тұратын ауылда интернет пайда болды
Қасым-Жомарт Тоқаевтың 12 жастағы аттасы тұратын Үштоғай ауылында 4G интернеті мен байланыс бар, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Алматы, NEGE. Өткен жылдың көктемінде Бұқаралық ақпарат құралдарында кішкентай Қасым-Жомарт Тоқаев тұратын ауылда интернет жоқ екендігі туралы ақпарат тараған болатын.
Президенттің аттасы Мемлекет басшысымен кездесіп, өзінің туған ауылы Үштоғайға интернет орнатуға өтініш беруді армандаған болатын.
Бірнеше ай өткеннен кейін Beeline Қазақстан кішкентай Қасым-Жомарт Тоқаевтың арманын орындады.
Оператордың және Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің көмегімен Үштоғайда базалық станция орнатылып, жоғары жылдамдықты 4G интернеті пайда болды.
Бүгінгі таңда ауыл тұрғындары күніне 500 Гб көлеміндегі мобильді интернет-трафикті пайдаланады.
«Бүгінде байланыс электр энергиясы мен сумен жабдықтау сияқты маңызды қажеттіліктердің біріне айналды. Ауыл тұрғындарының қалада тұратындармен бірдей мүмкіндіктері болуы маңызды. Сондықтан біздің компанияның басты мақсатының бірі - цифрлық теңсіздікті жою», - деді Beeline Қазақстанның атқарушы директоры Евгений Настрадин.
Сонымен қатар бүгінгі таңда мобильді оператор Қазақстанның солтүстігінде байланыс аясын кеңейту жұмыстарын жүргізуде. Бүгінде Қостанай облысында 430 елді мекенге үш жүзден астам байланыс пен интернеттің базалық станцияларын орнатқан. Соның нәтижесінде компанияның байланыс жүйесін бүгінде 500 мың абонент пайдаланады.
«250+» бағдарламасы бойынша екі жыл ішінде мобильді оператор 57 базалық станцияны орнатып, модернизациялаған. Сонымен қатар 30 мың тұрғыны бар аймақта мобильді интернеттің байланысы жақсарған.
Қазір оқып жатыр
Абай облысында жүргізуші куәлігін алуға көмектескен лауазымды тұлғалар ұсталды
30 маусымда қос Палатаның бірлескен қорытынды отырысы өтеді
«Van Cleef алқасын, Dior сөмкесін пара ретінде алған»: Кореяның экс-бірінші ханымы тағы 7 жыл арқалады
Бейбіт Құсайынов: Қазақстанда екінші орын алсаң, «бірінші орын алдым» деп есептей беруге болады