USD
USD
USD

Қасым-Жомарт Тоқаев Тәжікстан президентін құттықтады

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонмен телефон арқылы сөйлесті.

Қасым-Жомарт Тоқаев Тәжікстан президентін құттықтады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Мемлекет басшысы Президент Эмомали Рахмонды туған күнімен құттықтап, бауырлас Тәжікстан халқының игілігі үшін атқарып келе жатқан жауапты мемлекеттік қызметінде табысқа жете беруіне тілектестік білдірді. 

Қасым-Жомарт Тоқаев  Эмомали Рахмонның екі ел арасындағы дәстүрлі достықты және ынтымақтастықты нығайтуға қосқан үлесін атап өтіп, жоғары деңгейдегі белсенді саяси диалог қазақ-тәжік халықтарының стратегиялық серіктестігін одан әрі тереңдетуге септігін тигізе беретініне сенім білдірді.

Қазір оқып жатыр

Жеке деректерін қорғау әр азаматтың міндеті – ІІМ

Бизнес

Alatau City логистиканы, өнеркәсіпті және қалалық инфрақұрылымды дамыту үшін германиялық технологияларды тартады

Әлішер Әбдіқадыров

Перуашевке қатысты ақпараттық шабуыл: ІІМ қылмыстық іс қозғады

Қазақтелеком

Қазақстан-Қытай инвестициясы ел экономикасына қандай жаңа мүмкіндік береді?

Бауыржан Ысқақ