USD
USD
USD

Қасым-Жомарт Тоқаев Шавкат Мирзиёевті құттықтады

Мемлекет басшысы Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Ақорда.

Қасым-Жомарт Тоқаев Шавкат Мирзиёевті құттықтады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Шавкат Мирзиёевті Өзбекстан Республикасының Президенті лауазымына қайта сайлануымен құттықтап, өзбек көшбасшысының сайлаудағы сенімді жеңісі оның стратегиялық бағдарының жалпы халықтық қолдауға ие болғанын тағы бір мәрте дәлелдеді деп атап өтті.

Әңгімелесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Шавкат Мирзиёевтің бауырлас екі халық арасындағы көп ғасырлық достық пен тату көршілік қатынастарды нығайтуға зор үлес қосқанын айтты.

Тараптар Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы стратегиялық серіктестіктің мол әлеуетін толық жүзеге асыру және Орталық Азиядағы өзара сенімді нығайту мақсатында бірлескен жұмыстарды белсенді жалғастыруға дайын екенін нақтылады.

Қазақ-өзбек қатынастарына іс жүзінде тың серпін беру үшін Қасым-Жомарт Тоқаев Шавкат Мирзиёевті Қазақстанға мемлекеттік сапармен келуге шақырды.

 

Қазір оқып жатыр

Әпкесін отшашумен құттықтамақ болған Астана тұрғыны 5 тәулікке қамалды

отшашу

Непалдағы жойқын су тасқыны: қазақстандық турист іздестіріліп жатыр

су тасқыны

Құрылтай депутаттарына алтыннан емес, жезден әзірленген төсбелгі табысталды

Құрылтай төсбелгісі

АҚШ-та ұлттық қауіпсіздікке төнген ықтимал қатерге байланысты төтенше жағдай жарияланды

төтенше жағдай