USD
USD
USD

Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавровты қабылдады

Қазақстан Президенті Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңесіне (АӨСШК) мүше мемлекеттердің сыртқы саяси ведомство басшыларының алтыншы кеңесіне қатысу үшін Нұр-Сұлтан қаласына келген Ресей Федерациясының сыртқы істер министрі Сергей Лавровты қабылдады, деп хабарлайды Ақорданың ресми сайты.

Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавровты қабылдады
Фото: NEGE.kz

Нұр-Сұлтан, NEGE. Кездесу аясында Қазақстан мен Ресей арасындағы екіжақты ынтымақтастықтың негізгі аспектілері, атап айтқанда сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық байланыстар талқыланды.

Сонымен қатар өңірлік күн тәртібі, Ауғанстандағы жағдайды тұрақтандыру бағытындағы халықаралық күшті жұмылдыру мәселелері сөз болды. Мемлекет басшысы Қазақстан тарапынан осы елге көрсетіліп отырған гуманитарлық көмек шаралары туралы айтты.

Қасым-Жомарт Тоқаев Азиядағы қауіпсіздік, жанжалдардың алдын алу және бейбітшілікті қолдау мәселелерін шешу бағытындағы ұжымдық тәсілдерді пысықтауда Кеңестің жұмысын ілгерілетудегі Ресейдің маңызды рөл атқаратынын атап өтті.

Қазір оқып жатыр

Алматыда полицей әкесінің өліміне байланысты күдікке ілінген екі жасөспірім үйқамаққа жіберілді

судья

Сербия президенті Александр Вучич отставкаға кететінін мәлімдеді

Александр Вучич

Өзбекстан құрамасы Конгоға есе жіберіп, әлем чемпионатындағы ойынын аяқтады

Өзбекстан құрамасы

Жамбыл облысында 1 млрд теңгедей қаржыға салынған канал опырылып түсті

Қарақат каналы