USD
USD
USD

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин БАҚ өкілдері үшін брифинг өткізді

Қазақстан Президенті ХХІ ғасырдағы тату көршілік және одақтастық туралы шарттың 10 жылдығы қарсаңында өтіп жатқан Ресей Президентінің ресми сапарының мән-маңызы айрықша екенін атап өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин БАҚ өкілдері үшін брифинг өткізді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. – Ресей – Қазақстанның стратегиялық серіктесі және одақтасы. Ортақ тарихқа, берік достыққа, өзара құрмет пен сенімнің мызғымас құндылықтарына сүйене отырып, біз көптеген сала бойынша өзара мүддені жүзеге асырудың айқын дәлелі саналатын мемлекетаралық қатынасты жолға қойдық. Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, Қазақстан Ресеймен арадағы жан-жақты ынтымақтастықты одан әрі нығайтуды көздейтін стратегиялық бағытқа бейілді екенін растағым келеді, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысының айтуынша, келіссөздер барысында сауда-экономикалық және инвестициялық ықпалдастыққа ерекше мән берілді. 

– Ресей Қазақстанның ірі сауда-экономикалық серіктесі мәртебесін сенімді түрде сақтап келеді. Соңғы үш жылда елдеріміз арасындағы өзара сауда көлемі 30 пайыздан астам өсті. Былтыр тауар айналымы, Қазақстан статистикасы бойынша, 27 миллиард долларды құрады. Бұл – рекордтық көрсеткіш. Биыл да оң динамика сақталып отыр. Сегіз айдың қорытындысы бойынша сауда-саттық көлемі 17 миллиард долларға жетті. Жалпы, өзара тауар айналымын одан әрі арттыру үшін зор мүмкіндік бар. Осы орайда екі елдің іскер топтары арасындағы байланыстардың айтарлықтай жанданғаны байқалады. Ресейлік компаниялар Қазақстан экономикасындағы жетекші инвесторлардың бестігіне кіреді. Олар жалпы 20 миллиард доллардан астам инвестиция салды. Осы жылдың бірінші жартыжылдығында ғана Қазақстан экономикасына тартылған ресейлік инвестиция көлемі бір миллиард доллардан асты. Бұл өткен жылғы деңгейден 20 пайызға көп. Өз кезегінде Қазақстанның Ресейге салған инвестициясының көлемі 6 миллиард долларға жетті. Бұл екіжақты процесс екені қуантады, – деді Мемлекет басшысы.

Қазір оқып жатыр

Қайрат Сатыбалдының мемлекете сыйға тартқан қонақүйі үш есе арзанға сатылды

DoubleTree by Hilton

Ресейлік сарапшылар мен дипломаттар Тоқаевтың Жолдауын талқылады

.

Ақтөбе облысында тоғыз күн ішінде «Қазхромның» екінші жұмысшысы қаза тапты

ТЖ

«Самұрық-Энерго» компаниясының жаңа басшысы тағайындалды

Аңсар Айдаров