USD
USD
USD

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Франция Президенті Эмманюэль Макрон қазақ-француз бизнес-форумының ашылуына қатысты

Мемлекет басшысы биыл Қазақстанда экономикалық өсім көрсеткіші 4,7 пайыз деңгейіне жеткенін, әсіресе, мұнайдан тыс салаларда елеулі прогресс бар екенін атап өтті. Президенттің айтуынша, Қазақстан 2029 жылға қарай ұлттық экономиканың көлемін екі есе арттыруды стратегиялық мақсат етіп отыр.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Франция Президенті Эмманюэль Макрон қазақ-француз бизнес-форумының ашылуына қатысты
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Қасым-Жомарт Тоқаев ел экономикасына шетелден инвестиция тарту ісіне айрықша мән берілетінін мәлімдеді. Қазақстанға шетелден келген тікелей инвестиция көлемі Орталық Азиядағы басқа елдерге салынған инвестициялардың жалпы көлемінен асып түседі. 

Президент Қазақстан мен Франция арасындағы экономикалық ынтымақтастық нәтижелі дамып келе жатқанына назар аударды. 

– Қазіргі күрделі геосаяси ахуалға қарамастан, былтыр екіжақты тауар айналымы 30 пайызға артып, 4 миллиард долларға жетті. Осы оң үрдіс биыл да сақталып отыр. Франция – біздің экономикамызға 19 миллиард долларға жуық қаржы құйған ең ірі халықаралық инвесторлардың бірі. Биыл алғашқы алты айда француз серіктестеріміздің Қазақстанға салған тікелей инвестициясы 50 пайызға артты. Бұл – таңғаларлық өсім әрі елімізге деген жоғары сенімнің белгісі, – деді Президент. 

Мемлекет басшысы бүгінде елімізде екі жүзге жуық француз компаниясы жұмыс істейтінін айтты. Олардың ішінде энергетика секторында – Total Energies, Orano, Air Liquide, өнеркәсіп саласында – Airbus, Saint-Gobain, теміржол саласында – Alstom, аграрлық азық-түлік өндірісі секторында – Lactalis және Danone компаниялары бар. 

Қазір оқып жатыр

Оңтүстік Кореяда Alatau City-де ірі жобаларды іске асыру мүмкіндігі талқыланды

Alatau City бойынша келіссөздер

«Біз одан шарап ішеміз»: Кенесарының бас сүйегі туралы айтқан қырғыз студенттері кешірім сұрады

Қырғызстандық студенттер

Жанжал кезінде газ тапаншасынан оқ атқан Астана тұрғыны 5 жылға сотталды

тапанша

Іле-Балқаш резерватына бір үйір құлан жіберілді

Іле-Балқаш резерватына жіберілген құландар