Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Эмманюэль Макрон БАҚ өкілдері үшін брифинг өткізді

Екіжақты келіссөздерден кейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Франция Президенті Эмманюэль Макрон бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері үшін бірлескен мәлімдеме жасады.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Эмманюэль Макрон БАҚ өкілдері үшін брифинг өткізді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. – Биыл екі ел арасындағы Стратегиялық әріптестік туралы келісімге қол қойылғанына 15 жыл толды. Достық пен өзара қолдауға негізделген осы ынтымақтастықты одан әрі нығайту – ортақ міндетіміз. Біз бірге күш жұмылдырып, көздеген мақсатқа жетеміз. Мен бұған кәміл сенемін. Сондықтан бүгінгі сапардың мән-маңызы айрықша, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы Президент Эмманюэль Макронмен мазмұнды келіссөз жүргізіп, екіжақты байланысты нығайту жөнінде нақты келісімдерге қол жеткізгеніне назар аударды. 

– Франция – Қазақстанның ең ірі сауда серіктесінің бірі. Биылғы сегіз ай ішінде сауда-саттық көлемі өткен жылмен салыстырғанда 21 пайызға өсті. Яғни 2,7 миллиард долларға жетті. Сондай-ақ Франция негізгі шетелдік инвесторларымыздың қатарына кіреді. Соңғы 15 жылда Франциядан Қазақстанға 18,7 миллиард долларға жуық инвестиция тартылды. Бүгінде біз энергетика, атом өнеркәсібі, тау-кен, химия, машина жасау, құрылыс заттарын өндіру, аэроғарыш және фармацевтика салаларында маңызды жобаларды жүзеге асырып келеміз. Елімізде Alstom, Total Energies, Orano, Vicat сияқты 170-тен астам француз компаниясының табысты жұмыс істеуі – соның айқын дәлелі, – деді Президент.

Қазір оқып жатыр

«Әділет» партиясы: Қазақстан шикізатты аз, дайын өнімді көп сатуы керек

Айбек Дәдебай

ҚХП алимент бойынша берешекті өтеу үшін арнайы қор құруды ұсынды

Нұрсұлтан Шоқанов

«Байтақ» төрағасы: Біз Экономика және Қаржы министрлігін алмастырмаймыз

дебат

Іле Алатауы табиғи паркінде 13 гектар аумақ өртке оранды

Орман өрті