USD
USD
USD

Қасым-Жомарт Тоқаев Пәкістан Президентіне көңіл айтты

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Пәкістан Президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақорда.

Қасым-Жомарт Тоқаев Пәкістан Президентіне көңіл айтты
Фото: NEGE.kz

Нұр-Сұлтан, NEGE. Мемлекет басшысы Пәкістанның оңтүстік-батысындағы Белуджистан провинциясында көптеген адам шығынына әкеп соқтырған жойқын жер сілкінісіне байланысты осы елдің Президенті Ариф Алвиге көңіл айту жеделхатын жолдады.

«Қазақстан халқының және өзімнің атымнан табиғи апаттан қаза тапқандардың отбасына көңіл айтып, зардап шеккен азаматтардың тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдіремін», – деп жазылған жеделхатта.

Еске салсақ, Пәкістанның оңтүстігінде тіркелген жер сілкінісі салдарынан кемінде 15 адам қаза тапты.

 

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Qarmet ұжымының ұйымшылдығы мен еңбегін жоғары бағалады

.

Алматыдағы Dostyk Plaza сауда орталығында дабыл қағылып, келушілер сыртқа шығарылды

Dostyk Plaza

Орал қаласы әкімінің орынбасарына 648 мың теңге айыппұл салынды

Шенеунік

Қазақстанда мобильді аударымдарды тексеру шегі 1,5 миллион теңгеге дейін көтерілмек

Смартфон