USD
USD
USD

Қасым-Жомарт Тоқаев Корея Республикасының жаңадан сайланған Президентін құттықтады

Мемлекет басшысы Корея Республикасының жаңадан сайланған Президентін құттықтады, деп хабарлайды Ақорданың ресми сайты.

Қасым-Жомарт Тоқаев Корея Республикасының жаңадан сайланған Президентін құттықтады
Фото: NEGE.kz

Астана, NEGE. Қасым-Жомарт Тоқаев Юн Сок Ёльді Корея Республикасының Президенті лауазымына сайлануымен құттықтап, елінің өркендеу жолында табысты қызмет етуіне тілектестік білдірді.

«Еліңіздің баянды өркендеуін жалғастыруға, дүниежүзілік қауымдастықтағы беделін асқақтатуға бағытталған игі істеріңіз бен тың бастамаларыңыз әрдайым табысты болуына тілектеспін. Қазақстан мен Корея арасындағы дәстүрлі достық пен өзара қолдау рухында дамып жатқан кеңейтілген стратегиялық серіктестігімізді бүгіннен де биік белестерге көтеру мақсатында Сізбен күш-жігер жұмылдыруға дайын екенімді растаймын, – деп жазылған құттықтау хатта.

Қасым-Жомарт Тоқаев Юн Сок Ёльдің аса жауапты қызметіне лайым сәттілік және достас корей халқына толассыз құт-береке тіледі.

Қазір оқып жатыр

Alatau City жобасына Еуропа елдерінен инвесторлар тартылмақ

Делегация Алатау сити

Болат Өтемұратов OLX Қазақстанды 81 миллион долларға сатып алды

Болат Өтемұратов

Ташкентке жарысқа барып, ауруханаға түскен жас футболшылар елге оралды

Ташкентте емделген футболшылар мен дәрігерлер, елшілік өкілдері

Павлодар колониясында 12 жылға сотталған жігіт өлі күйінде табылды

рақымшылық