USD
USD
USD

Қасым-Жомарт Тоқаев Қатар Мемлекетінің Әміріне құттықтау жеделхатын жолдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Қатар мемлекетінің Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәниге Қатар Мемлекеті Консультативтік кеңесінің мүшелерін сайлаудың табысты өтуіне орай құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақорда.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қатар Мемлекетінің Әміріне  құттықтау жеделхатын жолдады
Фото: NEGE.kz

Нұр-Сұлтан, NEGE. «Ел тарихында алғаш рет ұйымдастырылған бұл саяси демократиялық шара Қатардың еркін азаматтық қоғам мен зайырлы мемлекет қалыптастыру жолындағы жетістіктерінің айқын көрінісі. Бұл тұрғыдан, еліңіздегі адам құқықтарын қорғау мен бостандықты ілгерілетуге қатысты Сіздің бастамаларыңыздың болашақта да жемісті жүзеге аса беруіне тілектеспін. Осы ретте, Шығанақ өңіріндегі Қазақстанның басты серіктестерінің бірі Қатармен тығыз байланыстарымыздың жылдан жылға ауқымы ұлғайып, ықпалдастығымыздың өрісі кеңейіп келе жатқанын зор ризашылықпен атап өтемін. Бірлескен күш-жігеріміз әлеуеті жоғары қарым-қатынастарымызды халықтарымыздың игілігі үшін одан әрі дамыта түсетініне кәміл сенімдімін, – деп жазылған жеделхатта.

 

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда ескі көліктерді утилизациялау бағдарламасы қайта іске қосылмақ

утиль алымы

Қазақстанда тұрғын үйге сұраныс төмендегенімен, жаңа баспананың бағасы 14,6%-ға өскен

Баспана

2028 жылға қарай мектеп пен ЖОО түлектерінің 80%-ы ЖИ бойынша базалық дағдыларды меңгереді

Digital Qazaqstan

Қазақстан медицинасы бірыңғай цифрлық жүйеге көшеді

Сот-медициналық сарапшы