USD
USD
USD

Қасым-Жомарт Тоқаев қаңтар оқиғасы кезінде қираған нысандарға барды

Қасым-Жомарт Тоқаев қаңтар оқиғасы кезінде бұзақылардың шабуылына ұшыраған Алматыдағы «Asia Park» сауда ойын-сауық орталығына барды.

Қасым-Жомарт Тоқаев қаңтар оқиғасы кезінде қираған нысандарға барды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Президентке зардап шеккен кәсіпкерлер тарапынан түскен өтініштердің бәрі қарастырылып жатқаны туралы мәлімет берілді. Жергілікті әкімдіктің ақпаратына сәйкес, қазір барлығы 1 236 өтініш қолдау тапқан. Жалпы 6,191 млрд теңге көмекке бөлінді. Сонымен қатар жуық арада шығын көлемі шамамен 20 миллиард теңге болатын тағы 170-ке жуық өтініш қаралатыны айтылды. Бұдан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев зардап шеккен орта және шағын бизнес өкілдерімен кездесті. Мемлекет тарапынан шығыны өтелген жеке кәсіпкерлер қолдау көрсеткені үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтты. Президент шағын және орта бизнеске қолдау жалғасатынын, зардап шеккендердің шығыны өтелетінін жеткізді. Мемлекет басшысы кәсіпкерлермен кездесуден кейін нысандағы қалпына келтірілген сауда нүктелерін аралады.

Қазір оқып жатыр

Семейде жүріп бара жатқан жолаушылар автобусы өртенді

өрт

Alatau City жобасына Еуропа елдерінен инвесторлар тартылмақ

Делегация Алатау сити

Болат Өтемұратов OLX Қазақстанды 81 миллион долларға сатып алды

Болат Өтемұратов

Ташкентке жарысқа барып, ауруханаға түскен жас футболшылар елге оралды

Ташкентте емделген футболшылар мен дәрігерлер, елшілік өкілдері